Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

EL`Mar - oн жыл(love story)(2012) | Текст песни

https://vk.com/el_mar_official_page

Он жыл(love story)

Қайта оралшы қайта келші сол бір көктем, біз тербеткен,
Сол кездегі махаббатым менің ғажап еді неткен
Бал дамін сол сезімнің татқандаймыз екеуміз де
Күндерім болмаушы еді менің текке өткен
Мен өзіңе сенің күлкің сүйсініп қараушы едім
Бақытым деп өзіңді санаушы едім
Ал сен болсаң нәзік үнмен айтушы едің сүйемін деп
Сұлу ғана келбетіңмен маған қараушы едің
Міне бүгін отырмын еске алып сол күндерді
Сол күндерді дәмі кетпес бал күндерді
Қайран өмір өзінің қатал ғана мінезімен
Көрсетті ме енді маған мұңлы сал күндерді
Он жыл өтті міне сенен алыс кеткеніме
Сені қимай жасымды мен мұңайып төккеніме
Таң қаламын қалай төзіп келіппін мен
Сене алмаймын сенсіз он жыл өткеніне.

привев:
Қош бол жаным мен енді саған елеспін
Он жыл өтті жоқпын жаным келмеспін
Қазір сен бақытты өмір сүрсең екен
Кеткеніммен жүрегіңде өлмеспін…

Бүгін міне сен менің оқудасың хатымды
Жүрегіңе дақ болған өшірдің бе атымды
Саған айтар сөздерім осы хатта
Жинашы сен бойыңа күш жігерді, батылды
Өзге жанға мүлдем қарамадым сенші маған
Сенен өзге мен сүйген жан болмаған
Мен өмірден өткенде қымбаттым
Осы менің хатым айтуыммен келді саған
Кешір жаным мен шындығымды айта алмадым
Оны саған жеткізуге мүлдем бата алмадым
Өмірімнің соңына дейін мені ұмытпашы
Есіміңді ұмытпастай мен жаттадым

привев:
Қош бол жаным мен енді саған елеспін
Он жыл өтті жоқпын жаным келмеспін
Қазір сен бақытты өмір сүрсең екен
Кеткеніммен жүрегіңде өлмеспін…

Түсінші сен менің айтар сөзімді
Көру қиын екен жасқа толы сенің көзіңді
Сол кездегі өмірім менің бір ай еді
Білген едім әкетер ажал өзімді
Амал қанша қосылмас едік біз екеуміз
Мен өлсем бақытқа қалай екеуміз жетерміз
Мені ажал әкетерін білдім жаным
Тағдыр солай енді жаным нетерміз
Міне сені тастаған себебімді білесің
Шексіз сүйдім сенде оны сезесің
Сен лайықсың бақытты бал өмірге
Бақыт тілеп сүйер сені елесім
Осылайша айрылды міне қос ғашық
Ащы ғана сөздерімен қоштасып
Бірақ бұл ойдан алынған оқиға
Тілемеспін ешкімге мұндайды ешқашанда.

привев:
Қош бол жаным мен енді саған елеспін
Он жыл өтті жоқпын жаным келмеспін
Қазір сен бақытты өмір сүрсең екен
Кеткеніммен жүрегіңде өлмеспін…


EL`Mar еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1