Қатты қиналды жүрегім күнәлардан тот басқан, Қатты қиналдым өзім де романтик боп адасқан. Болды енді үміттенбеймін, бәрібір оралмассың, Қаншама үміттенсем де мейірімді бола алмассың. Тек таза иманыммен тазартамын лас жүректі,
Бақытқа ұмтылумен бұзармын мен тас түнекті. Сен кілтпен құлтап кеткен енді жүрегімді ашамын, Ішінде тұнып тұрған махаббатымды шашамын. Махаббатымды шашамын мені сүйген жандарға, Мен өмірде жек көретін сенен басқа жан бар ма? Махаббаттың жолында түзу жүрмей тайқыдым, Жүрегім жанып барады күнде таппай тыным. Бақыт сыйлап маған, қайтадан өзіңе алдың, Бақытымнан айырылған бағытсыз кейіпте қалдым. Менен кешірім сұрайтын ешқашан келмес күн, Талай алдандым сезіміңе, енді сенбеспін.
Қ-сы: Өткенді ұмытамын жаңа өмірге бастым қадам, Менде де жүрек бар ғой, мен де сен сияқты адам. Сол жүректі жараладың, емін іздеп табалмадым, Сондықтан жөн болар жәй ғана сені ұмытқаным.
Қандай теңеу саған лайықты екенін білмеймін, Мен үшін сайтансың салған періштенің кейпін. Саған сезген сезімде жиып қойдым намысты, Махаббат деген ауру тұла бойыма жабысты. Жақсы жерде қалмады сен туралы бар ойым, Сенің арқаңда төгілді менің бар абыройым. Енді сүймеймін сені керісінше жеркенемін, Бірақ көріп қалсам ерекше бір күйге енемін. Шынымды айтайын өзгемен көрсем қызғанамын, Жанып жатқан жүректің қаламаймын сыздағанын. Қиялыма алдандым "отбасы құрамыз" деген, Сен болдың ба ару мыңдардан сұрап іздеген? Бұл сөзімді тыңдамайсың себебі тәкаппарсың, Кез-келген жігіттің намысын жерге таптарсың. Сен маған лайық емессің, менің әніме де, Айтшы маған мені қинағанның мәні неде???