Еркетайым сүйсініп тыңдашы салған әнімді, Құдыретті күшіңмен өзгерттің менің тәңімді, Саған дейін қандай болдым ал қазір қарашы маған, Мен басқамын айналайын тек сенің арқаңда айым. Құлағыңа сыбырлаймын саған жағымды сөздерді, Қандай бақытты жанмын тапқан өз періштемді. Күлкің мені жылытады, сөзің мені қуантады, Иісің сәбидің иісіндей иіскесем мұрын жарады. Келші, берші қолыңды бар күшіммен құшақтайын, Қандай жақсы өзіңмен бірге оянған айналайын, Тыныштық баулайды көңілімді сені көрген сайын, Қалай қатты жақсы көрем мына пендені Құдайым. Жалғыз сені сүйем деп бар әлемге айқайлаймын, Қыз ретінде ғана емес келін ретінде ұнайсың, Анамның алдына апаруға ешбір ұялмаймын, Керісінше басты жоғары ұстап бейбіт сыйлаймын.
I won't hesitate no more, No more, it cannot wait I'm sure There's no need to complicate our time is short This is our fate I'm yours
Мен сенікімін оған ешбір күмәнің жоқ сенің, Сен менікісің сендей нәзік жанды көргенім жоқ, Сенімдімін толық екеуміздің болашаққа, Қолымнан ұста жетелейін сені жұмаққа. Ернің мамықтай, көзің шуақтай қандай, Тәтті сөздерің балдай, жүре алмаймын қуанбай, Айналайын құлағыңа сыбырлай айтайын, Сүйем деп артыңнан құшақтап, қасыңа ақырын ғана жатайын. Ұнайды маған кеудемде ұйықтап қалған кездерің, Ұнайды маған бұл сезім, сол сезімді сезгенім, Жүрегімнің қағысын тыныштықта тыңдағанды, Ұнатамын алтыным, сондықтанда сыйла мәңгі. Жылағанда жұбатам, егер күлсең сенімен қуанам, Қайғыңды бірге бөлісіп махаббатыңа уланамын. Сенікімін мәңгілікке , осы сөздер естелікке, Сөзсіз ғана тыңдап әнді батшы жаным тәтті түске..
I won't hesitate no more, No more, it cannot wait I'm sure There's no need to complicate our time is short This is our fate I'm yours