Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Forte Cristo - Melody Fall Грустная музыка. Мелодия осени. Музыка для стихов | Текст песни

Тұншықсам сүйіп, бол демім
Тоқтатпай мендік жүректі
Сенсіздік деген
Ол менің
Жанымды әбден жүдетті...

\"Әзірге, білгін, жыр-теңім\"
Өзіңсіз бір күн – жүз апта...
Бір болар күнді күтемін
Созылмас күту ұзаққа...

Шалынсам егер сезімге
Құлатпа мені...
Көтергін...
\"Нөсерді кешкен кезіңде
Шатырың болып өтермін\"!

Тұнжырап төнсе түн маған
Күнім бол жарық төгетін!
Бағыңды сенің ұрлаған
Жандарға болам бөгетің.

Бұлыңғыр болса бүгінің
Ертеңің, мейлі...
Асылым...
Шын бақыт дейтін ұғымның
Сен үшін ашам бар сырын.

Бақ құсы нұрын таратқан
Асықпас бізден кетуге
Біз жүрген жолды Жаратқан
Бөлмесе егер екіге...

Қолыңда сенің келерім
Ол дағы сенім кәдесі
Ал менің саған берерім –
Адал жар серті, уәдесі.

Жыласа жаным жылғалап
Сезінсең гүлім солғанын
«Тірілту» үшін бір қарап
Жымиып күлсең болғаны

ЕРКЕмін, білем НАЗым көп
Кенде емес Еркең қылықтан.
Шыдашы... жаным, жазың боп
Жыл бойы жырмен жылытам.

Болсын деп әрбір таң құтты
Тілермін дұға Алладан!
Өзіңмен қайғы-бақытты
Бөлісе алар жан болам!

Болашақ дейтін шаһардан
Үмітпен сәлем жолдайсың...
Жырыма арқау қаһарман,
Мәңгілік бағым болғайсың...

Жалғанда жалғыз жан құрғар -
Тапса екен әркім теңдерін
Тоғыссын жарты тағдырлар
Толтырып иман шеңберін.

Forte Cristo еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1