1 шумақ Аль-Nasr Егер де мен өлсем, әлемге бәле болмас, Қоғамның біреуі кем, еш нәрсе байқалмас. Егерде мен өлсем, жалғанның жаны да мәз, Ақынның бірі кетіп, бірі болар аспаз. Егерде мен өлсем, бауырым жалғыз жатады, Даты бар бұл ғасыр, менсіз де таңы атады. Егерде мен өлсем, көшелер шоғырланады, Тәулік бойы телефонды, тінтушілер жоғалады. Егерде мен өлсем, достарым келіп жүрмейді, Түнде кеш қайтқанымда, көршінің иті үрмейді. Егерде мен өлсем, билер үрки бермейді, Анашым енді балаң, кешігіп үйге кірмейді. Егерде мен өлсем, қарызды ұмытыңыз, Ұл-қызыңыз өскенде тапталмасын хұқыңыз. Іші тығыз жолаушы, 13, 80, 69, Аялдамада күтпейді, мен жүретін автобус. Егерде мен өлсем, әліде кездесем, Арттан келер жұртыма, ақталып не десем. Қандай өмір қалдырдың деп, болашақ талап етер, Бұл ғұмырды пайдасыз бекерге бос өтсем...
Қайрымасы Меруерт Мүсрәлі Бекерге мен өлмейін, мәңгі болам демейін, Адасқан бұл бір жаным, талпынуға бейім. Өмір келсе жан алар, сақтай алмас бойтұмар, Пенде барма жалғанда, тектілікпен көз жұмар.
2 шумақ Аль-Nasr Бекерге мен өлмеймін, салынбас бейітім, Туылған соң адам боп, тәрк етемін ит кейіпін. Ширатылған бұл жолда, алға қарай басамын, Аспаз болып Қазағыма, сүрленген ет асамын. Бекерге мен өлмеймін, Аспанға арқа боламын, Ішкі шерін тарқатуда мұңдасы боп табыламын. Көшенің ұлдары көп, итше қуып жынданар, Барлаушылар бұл жолы жырымнан сусынданар. Бекерге мен өлмеймін, достарым көбеюде, Шаршап үйге қайтқанымда ай қарап иілуде. Бай, бек, билерге, дайын тек күй - терме, Ахау, деп жыр айтайын, шомылсын қара терге. Бекерге мен өлмеймін, қарызымды қайтарам, Ұл-қызыңа барымша жазармын қайсар ән. Қалай ғана қозғалсамда, міндетімді атқарам, Анашымның сүтін ақтап жау ниетін тойтарам. Бекерге мен өлмеймін, болашақ қамы үшін, Бекерге кете қоймас барымша салған күшім. Бекер өтпес өмір ішіп жеумен арпалыса, Арада тұлға көбейер, Тәңір егер қаласа.
Қайрымасы Меруерт Мүсрәлі Бекерге мен өлмейін, мәңгі болам демейін, Адасқан бұл бір жаным, талпынуға бейім. Өмір келсе жан алар, сақтай алмас бойтұмар, Пенде барма жалғанда, тектілікпен көз жұмар.