Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

G-Staz(Нұржан) - Саясатқа бір өкпем... | Текст песни

Саясатқа бір өкпем...

«Саясат» деген ұғым бар,соны ұғыңдар,
Оның түбіне жетпеген сан мың ғылымдар
Сол билікті жеңе алмай,өтетін түрім бар,
Ұялас күшіктердей...
Өскен соң ит болып,бір біріне ырылдар!

Саясат та қатырады...
Азусыз арыстандар,қарусыз атылады.
Айрандай ұлтымыз,ұйымай жатыр әлі,
Солғандай жапырағы!

Қазақпыз десекте біз,бермепті басқа миды,
Құрсағы тастар жүр,жәбірлеп жас сәбиді.
Қартайған қариялар,
Қаракөз қарындасын,тоңқайтып таста дейді...
Осындай қариялар,қарыған хас фәниді.
Баласы аш па мейлі!
Ләззатын тауып жүр ғой,есігін ашқан үйдің.
Опасыз шенеуніктер,
Халықтың дәл алдында,бетіне маска киді.
Өлгелі жатсаң дағы,өлмейсің саспа дейді...

Дәрігердің күні өткен...
Адамды ойыншық қылды сауда жасап жүрекпен.
Сондықтан да саясатқа,бар менің бір өкпем,
Осындай опасыздарды қандай ұя түлеткен?!

Өзбегің жүр түнеп тең...
Қаншама қазағың сенің күн көруде күрекпен.
Сондықтан да саясатқа,бар менің мың өкпем,
Өз жерінде өзге ұлттың өкілдерін пір еткен!

Көреді олар қайың тіреп,
Айтады дайын тілек...
Көрмейді неге олар,
Қазақтың өз баласы,жүргенін қайыр тілеп.
Әркімнің мүдделері,өздерін байыту тек,
Бұл өлең аталады ақиқатты айту деп...

Нансаң да,нанбасаң да,өзіңді алдасаң да,
Көбейіп бара жатыр,тән менен жанға сауда.
Жаныңды шаң басар ма?!

Жалған қып таратады жаңалықтар топтамасын,
Билікте отырғандар,орысша оттамасын!
Тағы да қанша халық тосу керек оққа басын?!
Билікке қарсы келсең,қазір ақ сотталасың!

Мұнайсыз уладыңдар,қазақтың көп қаласын,
Шопан да өртемейді,өзінің шөп қорасын...
Осыны біле тұра назданасың,шоқтанасың,
Наныңды жерге таптап,намыссыз боп барасың!

Басқанын қалайсың ба,көшіңнің көш ілгері,
Бабамның аруағы,сендерді кешірмеді...
Қалада толып тұрған,орысша көшелерге,
Берілсін даналардың,арыстай есімдері.

Қазақтың жігіттері,қайратты болса егерде,
Намысын сақтар еді,дауылдар теңселерде.
Бүгіннің жігіттері,өсекші боп барады,
Отанын отқа тастау,жараспас еңселі ерге...


G-Staz(Нұржан) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1