Ойланып толғанып қайта алдым қара қаламды Сенің алдыңа келіп бастым үлкен қадамды Жүрекке сезімдерім маза бере ма білмедім Сеннен алыстаған соң қадам жасап көрмедім Енді міне келіп тұрмын жүрегіме жақын тартып Жүрек сезімінің ызғарына өзім қатып Тоңамын әліде сен болмасаң жанымда Бәлкім періште сен тағдырыма жазылған Ренжіткен кездерім бар өкінішпен өтетін Сұлу қыз көрген жоқпын бір өзіңе жететін Сеніміңді ақтаймын сенші жаным маған Арадағы махаббатты мәңгі сақтай алам Қандай қиындық болсада жүрек сені қалар Қосылсақ алдымызда балдай тәтті күндер бар Өмірдің қызық сәттерін кешсек мәңгі бірге Арманым бірге болсақ күндіз және түнде
Білесің өзіңде қалай сүйемін сені Білесің өзіңде қатты сағындым сені Тағдырыма өкпе жоқ сені кездестірді маған Бәріне кінәлі өзім сені ренжітіп алған Әрине өкініш бар сол бір қиын күнге Сағынышпен өтеді күндіз және түнде Сені құшағыма алып махаббатпен жылытсам Одан артық керек емес табылшы жанымнан Тағдырыма жазылған сөнбейтін сезім болар Қатты ғашық болмасам жаным неге қиналар Арманым болмас еді өзіңмен бірге болсам Мәңгі сенімен болып саған бақыт сыйласам Ішімдегіні шығардым түсіріп параққа Болғым келеді қайтемін тек сенің жаныңда Күні,түні сағынады жүрегім сені жаным Тек өзіңе арналады жүректен салған әнім