Поднимайте экономику пока мы будем здесь сидеть. Чтоб когда мы вышли, было все красиво и нарядно. Всем добра и счастья, любви и благополучия, А когда на воле будете, будьте аккуратны. Ходите аккуратнее и никогда не доверяйте никому, Вас а то посодят... ("Посадят" деп айтайын деп қателесіп кеткен)
Орта бойлы, шымыр дене, жүзі суық, Мұрнының шеміршегі жоқ, жағы сынық. Шыныққан әбден рух, аяқта тұрады нық, Оңайлықпен берілмейді кетсе де тарығып. Табынамын әкеме, ол тұлғаны сағынам, Соңғы рет көрдім оны темір тор аржағынан. Жүрегі тас, тірі жетім күйін кештім, Жүрек шешті қайғыны білмей-ақ әлпешті. Пейілі кең бала ноян, бәріне даяр, Жолдасым дегенде ішкен асын жерге қояр. Аяу сезімі жоқ, бала кезден-ақ суық, Пиғылы арамдарды дереу тілімен ояр. Кеше ғана жер-әлемге аты елге мәлім, Дүркіреткен жігіт-нар көрсетуде әлін. Әдемі киім, қымбат көлік мініп алысқан, Алматы арулары кезегімен ауысқан. Тіл алмас, қырып жояр қызбалыққа бейім, Қорқуды білмейтін ол қайтпайтын кейін. Пайда көріп күнде қылмыс жасап қан төгуде, Дүние үшін жеңіл ақшамен күн көруде. Күндер өтуде азғынның жолы ұзартылды, Елдің айтқаны болады,тыңда сөз-ақылды. Түбі түрме шырылдатып зар илетті міне, Түрме деп аталатын бұл абақты дүние. Арқадан қағар жолдасы жоқ қасында, Ойын-күлкіде бірге пайданың арқасында. Қас болар жалған дос күн туса басыңа, Ойлануға уақыт көп кеш деп жасыма.
Бірі тірі, бірі өлі, бірі инеде, Бірі ұры, бірі адам, бірі пәк құлы. Ал мен кіммін ? ісімнің қателігіме ? Неге отыр екенмін қараңғы бөлмеде?
Қараңғы бөлме, түсі суық қабырға, Ұйқысыз төсек, темір тор, ылғал ауа. Тар дүние ішінде тоқтады сағат, Жүгірмек сана жауап іздеп сұрақтарға. Уақыт санап, сығалайды көз далаға, Ұшқан құстар биікте қанат қаға. Танауға сіңген иіс үйренді міне, Үйренді дене төрт-ақ қара қабырғаға. Іштен жейді сағыныштан үйден алыс, Қадірін кеш біліп, зуылдап өмір ағыс. Үнсіз дыбыс,ісіңді біреу аңдып, Жұбатар пікірлер берер оған тойтарыс. Қанша адам бар мұнда үмітін үзген, Жүйеге тізе бүгіп, талайы өзгерген. Кәсібі малай болу, тәнді лай қылу, Өзін алдап жанына құнсыз сөз берген. Жіберген қателіктен үлгі алдым, Жақсы ой, пәк пиғыл қысады алқым. Қалай? Не үшін? Кімге? Неге былай? Сор маңдай тым кеш өкініп қалдым. Жеңіл ақша сол жеңіл жолымен кетер, Үйіп-төгіп жасағаным бәрі де бекер. Біреуден алғаным екі еселенді, Енді түсіндім бұл әлемді.