Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

G.H.A.D - Отбасы(vk.com/ghad_salamalec) | Текст песни

Жүзіңнен күлкі кетпесін аға, бəрі əлі де алда.
Өзің үйреткен ақыл - кеңес санада.
Ұстаздың ілімін ұмытады кім,
Мың түн, ініңмен сырыңды бөл тағыда.
Аға шеріңді əуеніммен тарқатамын,
Қолға қалам аламын деп, қалып қойдым қатардан.
Əттең тонның келтесі-ай, сапасымен бір қадам,
Қалталы көке қайда, демеп жүрер арқадан.
Үй-іші аман, денсаулығы тәуір анамның,
Сүйіншіңді дайында тілі шықты балаңның.
Жеңгетайым сағынып жүр, сабырлық танытуда,
Оқуында қарындасымыз үздік атануда
Жақтырмайды у-шуды, əкем сол баяғы,
Қан қысымы көтеріліп сыр беруде оң аяғы.
Анашым екеуінің алданышы немере,
Бізді мүлдем ұмытар тұңғышым дегенде.
Аға-Ағатай, жағдайымыз осындай,
Жеңіл етер жараны сəждедегі бір маңдай.
Нағыз ер жеңілмес, бұл ереже бізге мәлім,
Пай-Пай сағыныш, іштен шыққан жан айқай.
Бөлмеңдегі көзге түсер жапондық кеманоң,
Иманға от уағызың, талайдың болды шимағы оң.
Қабырға медальға толы, алтын, қола, күмістен.
Қасыңда суретің тұр, жымыйып бір күліскен.

Қайырмасы:
Шыда аға, шыда, өзіңді жоғалтпа.
Сақта пəкті, күтуде отбасың сені мұнда.
Налыма , өзің айтпақшы . . .
Сынақ түссе басыңа ,
Сабыр ет шешім берер бір Алла . . .

Амансыңба інім, сенсің менің қол қанатым,
Темір тор ар жағынан бауырын сағынатын.
Сынақтың салдарынан жақынынан арылатын.
Тіршілік себебі бір, отбасы аманатым.
Сағынады екенсің дала мен қаланы,
Еске алып шіркін, анамның тәтті тағамын.
Сүйікті жандар алыс, құшағыма басатын,
Шектеулімін мына мен, сендерді жұбататын.
Сапары ұзақ жолда, шайқама тек қайықты,
Байыпты сөздеріңе ісің болсын лайықты.
Хақты даттайтын, əрекетте гәп бар,
Құдіретті күш иесі Аллаху акбар.
Ата-ана үміті сен, сенімін ақтап бер,
Біздің жанұяда қылмыскерден, біреу жетер,
Ақ-қараны ажырат, тек білім шам шырақ,
Жаман ой, ниетті алысқа шашырат.
Қара шаңырақ, жатпасын аңырап,
Үйдің бір іргесі сен, тірі болсын жаның нақ.
Саусақтың ұшыменен төзуге шама жетер,
Мен үшін уайымдама, шығармын жорғалап.
Інім, жан інім, осы менің əлемім.
Жеткізіп бар отбасына ағаңның сəлемін.
Анам мен əкемнің көз жасын төкпеу үшін,
Маңына жолаушы болма азғын деген бәленің.

Қайырмасы:
Сақта інім сақта, Отбасын сақта ана жақта.
Нəфсіге қыл бір шара, Үй берекесін құртпа.
Қара тірлік, Жалған бірлік.
Тубі қорлық, Адам бол,
Бола көрме мақұлық.

G.H.A.D еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1