Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

G.H.A.D - Пайда Не?(vk.com/ghad_salamalec) | Текст песни

Пайда не ?

1-ші куплет:

Отырып сөйлеу оңай, қимылдау қиын,
Қозғалыс қажет, болу үшін қолда тиын,
Етпесең еңбек, ештеңе босқа келмейді,
Ешкімде сен үшін, жыртылып тер төкпейді

Аспаннан алтын жаумайды, оның бәрі қиял,
Тұр, есті жи... бой түзет, жинал
Жалқаулық адам бойына бітке бір дерт
Тырыспасаң түк болмайды,өз өзіңді өзгерт

Мал дүниені қораға айда, айда, айда...
Көкең отырған орын акеледі бір пайда
Мақтап ал, сұрап ал, бергенін санап ал,
Бермесе, алдап сулап, қулықпенен тартып ал

Бұл жүйе мүлтіксіз жүзеге асуда,
Басекелер ел тонап, дайын тұр қашуға.
Ашуға берілгееен, намысы езілген,
Қарапайым халық не істемейді күйіктен?

Сөз өтер сүйектен, жаман болсын демеймін,
Ей халық көзді аш, түсіп барады деңгейің
Не болар күн ертеңгі, өмір емес ертегі,
Еңбекқор ержүрек, қазақ қайда кешегі?

Қайырмасы:
Құны қымбат кебін киінгеніңнен пайда не?
Үлде мен бүлдеге оранғаныңнан пайда не?
Көлігің алтынмен жалатылғанынан пайда не?
Отырған орныңда бедел болғанынан пайда не?

2-ші куплет:

Тер төгіп жандану қажет, ілгерірек...
Тілмен бүлдіру оңай, мал тауып көр тірнектеп.
Дүниеде білмейді деңгейдің кімге, неге керегін
Еңбекпен тапқан наның берілмейді тегіннен тегін.
Нәсіп еткен кәсібіңді игер егеленіп,
Һей жұртым құнарлы жеріңді жырт егін егіп.
Көлденең көк атты біреулер иемденер,
Тегенедей дәу дене төсекте жатса егер керіліп.
Жеміс, жидек, көк-өніс алынсын теріліп,
Жеп-ішуге құмартқан аш қарында не бүлік
Қытайдың тауарында сапа төмен болсада,
Бүкіл әлем тұтынуда әне қара бірдеңені
Сүтін беріп баптаған жұрт, қасқырға жемтік.
Бүтіндей асайтын құрт ел үлесін кемітіп,
Қала түтінделіп барады танауда ауа кеміп,
Жеңіл ақша табау жолымен қарынды семіртіп.
Түлкі қулық айламен, пайдаға кенелер,
Құндылқтар жай жатса айдан-анық желінер.
Бүлк етпейтін қара бет, бәріне де дәмелі,
Әжімі көп қол-аяқтың жүдеуменен әлегі.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-