Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

G.H.A.D - Пайдасыз бос кундер | Текст песни

Пайдасыз бос күндер

1-ші куплет:

Таңертеңгі ұйқы тәтті,
Тіпті бүгін ояну қалайша қиын.
Кеш жатты бала,
Кешегі жиын, өзгертті көңіл күйін.
Анасы тұр-тұр-тұр деді жуынып, киін.
Ұйқысы қанбаса да, көзін ашты ол әрең
Жұмысқа жиналды деп анам мен әкем,
Әйтеуір бәрі бір жаққа асығуда
Ал, оған неге бәріне де бәрі бір екен.
Дастархан, шәй-пәй қызуда,
Әкесі миды жеп ұрысуда.
Беріліп ашуға,
Айыптымын мен.
Мысалға жұрттың баласын айтты.
Ал біздің бала тек бізді қартайтты,
Күнде кешігеді, жақын болсада мектеп,
Әдет болды ұрып-соғу әлсізді тектен-тек.
Кітапсыз, қолда бір дәптер қырық беттен,
Қол жетпес арман болды, баға алу бестіктен.

Мұғалім сабақ сұрап қинауда,
Оқушы қу өтірік сөз айналды дауға.
Он бірінші сынып, соңғы жыл,
Жас түлек сауат ашуда
Ал оның ойым ертерек одан қашуда.
Соңғы екі сабақ, екі досқа қажетсіз,
Қыдырып жүргені сол, қылықтар әдепсіз.
Ауызда текмекі, сырадан ішіп бір-екі,
Мәз мейрам үйреніп қалған оған еті.
Ұстап алып көшеде әкесі боқтады шешеден,
Не жүріс, сабақ қайда, үйгер бар көрсетем.
Досым жарайды қоштаспаймыз кешке дейін,
Үйге барып кішкене әкемнің таяғын жейн.
Бір ғана күн, неге соншама көп ұрыс,
Мәселе сонда неде, кім біледі не дұрыс.
Тым-тырыс өткен өмірдің несі жақсы,
Нәпсіқор бала, ата-анасының төгілді жасы.

Қайырмасы:

Жүректе бар әуен,
Соны тыңдағым келеді.
Өкпеге қажет ауа,
Ал арбаға дөңгелек.
Адамдар кімге ғашық,
Таңдауда есік ашық.
Пайдасыз бос күндер,
Зиянын тұрар шашып.

2-ші куплет

Ұйқысы қанып, дайын кешкіге жоспары,
Жуынып-киініп шықты, аялдама достары.
Аудан, бір топ жастар ашылып аспаны,
Құмардың түр-түрі бала есіре бастады.

Жігітсымақ есірткіге әуес болды бүгін,
Түбі әйтеуір ағызады ғой ауыз көбігін.
Қылмысқа жаңа қадам басқан жасөспірім,
Қаупсіздік сақтаушылар таныды оның түрін.

Дабыл-дабыл қызыл атқаруда қызмет бабын,
Аты-жөні тіркеуде, білмейді түрме алқабын.
Табынып құдайға, тастамашы бұл жағдайда.
Маңдайға жаза көрме, өзгеремін алайда

Темір тор, қасында жоқ ешкімі,
Қорқыныш биледі, еске алып есекіні.
Зар жылап жүріп шығарды әке-шешесі,
Ал бұл бір ғана күннің кескіні.

Ата-ананың барлық, ойы балада,
Баланың бақыты да ойы да далада.
Айтшы, екі адал жанға кім қатал,
Өмір шынында сабақ бірде у, бірде бал.

Сақта – деген сөз қазақта, бір өлең ,
Ыстық сөзден нәпсі шоқ боп өлген.
Сақта таза рухты жүрек түбінде,
Бұзылмасын өмірің күдердің күнінде.

G.H.A.D еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2