1-ші куплет: Өткендегі есіңде ме, дәрежеңді жуғаның. Көпіргенің есңде ме, ішіп алып қуғаның. Жылда болар оқиға, туған күнің ылғида. Әрі қырай тыңда інім, дым жоқ ана мида. Басында бәрі сыпайы, отырыс, тым-тырыс. Сіз-біздікке жүгініп, ішімдікке ұмтылыс. От суы жұтылып, ұйқыдан оянды жын. Әке жолы осындай, ішкен анты мыжың. Біреудің көтіашылып, қызғаныштан ашығып. Еске алды біреулер, ыңырсыған ғашығын. Шіріген ұртыңа, үймелеп қара шыбын, Екінші бас оянды, болады тағы шығын. Сөз ашығын айтайын, ақылыңды шайқайын. Ден саулық өзіңдікі, ал мен үйге қайтайын. Мына тұрған сен емесің, ішіңдегі кеңкелесің. Билеп алған рухыңды ол, ібіліс немересі. Қайырмасы: Ішіңде кім бар, бұл күнде азғырар, Ішіңде кім бар, күшіңді тоздырар. Ішіңде кім бар, ісіңе назар аудар, Қуатты жын бар, рухты қоздырар
Ішіңде кім бар, құлаққа сыбырлар, Ішіңде кім бар, мұнда бір мін бар. Ішіңде кім бар, сөзіңді тыңдар Оттан жаралған кәдімгі жындар. 2-ші куплет: Жануар күнде жасады, күнәға атака. Растаман ұраны, “Акуна матата” “Хип-Хап” жарнама, “дзың” ,“ балық” қата. Басыңды айналдырар, натижелі ха-ха. Индира бум-бум, босатуда буын, Арманы орындалып, сайтан көтерді туын. Бауырым қудың ба? бір күнде 3 қорап, Өкпе түтінге толы, жасады тойымсыз тағы орап. Шөлдесең қылқылдат,қышыса денеңді қасы, Күледі тырқылдап, сезім күшейіп, тебуде сананы Түр-түрлі ойлады ақылың, қылығы мақұлық. Күркілдеді жөтеліп, үһыі... өткені шеккені тақырып. Алдыңнан, артыңнан, оң жақтан сол жақтан, Астыңнен, үстіңнен қоршады, ата жауың жын-шайтан, Шын айтам аяқталды бұл “Game”, қан-тәніңе дейін Уланып былғанды осы күнге шейін. 3-ші куплет: Ақын сөзді тыңайтар, мен айтпасам кім айтар ? Аліде кеш емес, басыңды кері қайтар. Осы әңгімеңді, айтпа деме маған. Досым әлде мен бе, хақты қаламаған ? Сүф-сүф-сүф, денеден жын шық. Ақ-қара, қара-ала жырыма тұншық. Көшеде сайқал мың, өшуде жай халқым Түр-түрлі жаратынды туындысы шайтанның. Қол сұқты дәрежеңе, айнаға қара жинал. Айналып ережеңе пайдасыз ориджинал. Жүрегіңнің есігін ашып қойғаның болмайды. Тербелуде бесігің, аш қарын еш тоймайды.. Олар кеше, біз бүгін, ал ертең кім, Толар көше, әзәзіл құмарға тым. Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп таралар, Болашақ аналар жатырынан не туар ?