1)Кіндігі арқаның көк орай алқабы, Самалы жүзіңді құшады алдан. Көгінде күн күлген мұндай жер кім білген, Шарықтап ән болып құшады алдан. Припев: Нұр тұнған өмірім, Құлпырған өңірі , Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым Жаңа-арқа.
2)Қырыңда гүл өсіп, тұрады жыр есіп, Ұлыңның жанары шарыққанда. Қызғалдақ қыр қызы, мінезі қырмызы, Пәктігі әлемге танытқанда. Припев: Нұр тұнған өмірім , Құлпырған өңірі , Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым Жаңа-арқа.
3)Тұрағы ырыс құт, ұраны туыстық, Жүз тілдің арнасын біріктірген. Ақындар еркесі ,батырлар өлкесі, Жеріне аппақ таң күліп кірген. Припев: Нұр тұнған өмірім, Құлпырған өңірі , Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым Жаңа-арқа.