Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.
Қайырмасы:
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.
Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.
Қайырмасы:
Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.
Қайырмасы:
Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.
Қайырмасы:
Halyk ani еще тексты
Другие названия этого текста
Halyk ani - Balapan kaz (0) Торегали Тореали - Балапан с: (0) Төреғали Төреәли - Балапан қаз (0) Торегали Тореали - Балапан каз + (0) Токжан Сундетова (15 лет) - Балапан Каз (0) народная - Балапан каз + (0) Видео
Халық әні - Балапан қаз Халық әні - Балапан қаз ... Даусы да Ани де жаксы казак ... «Балапан қаз» әнінің қайта жандануына белгілі ақын-драматург Арғынбай ...
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1