1-шумақ : Білесіңбе жеті жыл уақыт босқа кеткенін, Дәл осындай жағдайда қаларымды мен білмедім. Сүйдім шын жүректен бағаладым барымша, Сеннен асқанын көрмедім өзіңе ғашық бола. Отбасын құрдық екеуіміз бәрі тамаша еді, Сен маган сәби сыйлап өмірге өзгеріс енді. Бірақ сен тым өзгердің мінезіңнің бәрін көрдім, Орамал тағудың орнына сен шашыңды өрдің. Сабырмен түсіндірдім қатеңді дұрыс емес деп, Бірақ сенің басың ол сөздерді түсінбед. Ата-анамды сыйламадың сен үшін мен ұялдым, Кішкентай дауыс көтерсем баламды алып кетіп калдың. Артыңнан бардым теққана балам үшін, Есалаңның сөзін сөйлеп балаңды кормейсін дедін. Ол менің туған балам әкесіз қалай өседі, Сен секілді жынды қатын оған не тәрбие береді.
Қайырмасы : Кетсен кетші енді келме өміріме, Бірақ балам үшін мен барамын түбіне. Тәрбелей алмайсың сен оны сенімдімін, Келеді бұйыртса баламды көретін күнім.
2 –шумақ : Жыным қайнайды соншалық сенің әнеуір әкеңе, Қалайша мені түсінбейді олда әке емеспе. Көргім келеді мен искеп сүйіп баламды, Сеземін ол сәби болсада әкесін сагынады. Уйіңнің алдына бардым көргім келіп баламды, Шығып кет деп бажылдап қарсы қойдың ата-анаңды. Жасырын нөмермен ұялыңа соғамын, Сондағы бар арманым естісем даусын баламның. Оны бәрібір көремін көрсетпей ұстай алмайсың, Ақшамда жоқ қалтамда мықты “адвокат” жалдайтын. Бірақ мен тырысамын қалай болсада мейлі, Балам маған әлі талай әкетайым деп сөйлейді. Білемін жамандайсың сәбиге мен туралы, Әкең сенің онбаған бізді тастап кетіп қалды. Тәңір бәрін көріп тұр,тек осыны біліп жүр, Қатігездік надандық неткен жалған бұл өмір.
Қайырмасы : Кетсен кетші енді келме өміріме, Бірақ балам үшін мен барамын түбіне. Тәрбелей алмайсың сен оны сенімдімін, Келеді бұйыртса баламды көретін күнім.