Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

I-LAN - Ғашығым | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Мен өзіңді сүйемін,
Өзгені мен көрмедім.
Жүрегімді жауладың,
Бір көргеннен баурадың.
Өзің деп соқты жүрегім,
Өзгені көрмеді көзім.
Күннен- күнге ұлғайды,
Кеудедегі сезімім.
Саған деген көңілім суымайды мәңгіге
Жүрегімде орын жоқ сенен өзге ешкімге
Көңілім мен жүрегімнен сүйген сені
Сенің нұрлы елесің жаным кетпейді
Тіпті қиналса да сені сүйген жүрегім
Осы өмірімде сені ғана сүйіп өтемін
Қатал тағдырымның маған бергенін
Не болса да шыдамменен алып өтемін

Теңіздей тулап,
Толқындай шулап,
Сезімге толы жүрегім
Жұлдыздай жайнап
Бұлбұлдай сайрап
Өзіңді көрсем жүремін
Көңілім түсіп түсіме кіріп
Сағынамын

Дидарың дала сынды,
Қылығың бала сынды.
Жүзіңді бір көрсем деп
Жүрегім аласұрды.
Асықпын мен саған
Ғашықпын мен саған
Сен ғана ойлағаным
Сенсің менің ғашығым,

Қызықсыз өміріме
Жарқын берген гүлімсің
Суық көңіліме
Жылу берген күнімсің
Өскен менің бағымда
Нәп-нәзік қайыңсың
Нұрын сепкен жаныма
Ақ сәулелі айымсың
Жанымның саясын сеннен іздеймін тек қана,
Сағынғанда, сен туралы ойлағанда...
Сен жоқ кезде келмейді бірде-бір күлкім,
Сенсіз шаттанып тойлаған ба сезімім?!
Сені сүйем, ұнатам, ботақаным!
Жер бетінде бұдан асқан бақыт бар ма?
Кеудемнін қаламаймын бос қалғанын,
Бұл өмірде өзің барда мен сүйетін!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-