Мен жұлдыз емеспін, досым жаттап ал бұны Егер маған сенбесең, ғаламтордан іздеп көр мені Қане-қане-қане а? Ештеңе таппадың ба? Жұлдыз дәрежесін алу мен үшін арман ба?
Қой-қой-қой досым, жұлдыз атағың құрысын Керек емес ештеңе, жақындарым аман болсын Сенемін махаббатқа, қойшы енді мұңайма Әлі бәрі алдыда, бұйырады саған да
Енді артымнан жүгіріп қолтаңбамды сұрамааа Кетші-кетші-кетші, енді-енді маған жоламааа
Ал мә, ал мә, менікін қайталама Кет бар, кет бар, енді маған жабыспа Пау-пау, пау-пау, тра-та-та атқыладым Ы-Ы-Ы-Ы қап-қарапайыммын
Мен қарапайым Аа қазақтың қара баласы Әлі толық жазылмаған жүректегі жарасы Бар өшімді аламын баттлдағы қарсыластан Байқа бала, аяғыңды анық бас сондықтан