Иә, мінекей келіп қалды он сегіз Егер мені түсінсең онда жанымыз егіз Мойынымдағы жауапкершілік арта түсті Бәрібір де ойлай беремін тек қара басымды Білемін, тыңдарманым, күтесің сен менен Мұңды емес тректі бағыттағы позитив деген Алайда басын иген құлымын мен шабыттың Тек қана шындықты жазады менің қаламым Жарық әлеміме қара түнек шабуыл жасады Соғыста жеңіліп, еріксіз тұтқынға айналдым Қашып шығуға бірнеше рет талпынып тырыстым Алайда нәтижесіз болды барлық жасаған әрекетім Алматының қысы сөндірді лапылдаған жүрегімді Еркіндікке ауыстырдым шынайы махаббатымды Өтініш, туған күніммен құттықтама Күйініш, жалғыз жігітке жараса ма?
Шынымен ересек, болып қалдым ба? Қараймын артыма, балалық шағыма Он сегіз деген, ересек жас па? Оралғым келеді, балалық шағыма
Романтика, етті мені ұялшақ Лирика, жалғыз сырласым болмақ Инженер, болашақ мамандығым Универ, тығылатын мекенім Ұйқыдан тұра салып, асығамын тек өзіңе Себебі жарық бересің жауланған әлеміме Кесірінен жалқаулығымның Жазылмай жатыр менің тұңғыш альбомым Ақжан, қыз болсаң да маған болдың братан Сәлем жолдайды саған I-LAN HOME Production-нан Иә, екеуіміз аз ғана уақыт таныс болсақ та Сенің есімің мені түсінетіндердің қатарында Есіңде шығар, саған сөз берген едім Ал енді міне берген уәдемді орындадым Бұл сөздерімді екеуімізден басқа ешкім түсінбес Қателеспе, бұл жерде тұрған I-LAN, Ұлан емес
Сырларымды айтпаймын тіпті жақындарыма Себебі білмеймін, менде өзі сыр бар ма? Cезімім тұрақты, бірақ ойларым тұрақсыз Жалғыздықтан шаршамады ма аспандағы жұлдыз? Талай құласам да, жеңілісімді мойындамаймын Күресемін, бірақ не үшін екенін білмеймін Қатты шаршадым, нақтырақ айтқанда жалықтым Сондықтан мүмкін бұл менің ең соңғы трегім Тақырыпқа оралайын, міне он сегізге толдым Бұл трек өз-өзіме жасаған сыйлығым Мен үшін бұдан артық сыйлық болмайды Себебі, I-LAN Ұланға не керегін біледі