Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

INA ft.Mrb a.k.a Merba & Assau Barak - Бiз бiрге | Текст песни

1)Есімде сол кездер өзіңді алғаш көргенім
Тілім байланып тіпті не дерімді білмедім
Ал сен оған күлмедің бәлкім сенде ұнаттың
Адамды есі сау махаббатпен уладың
Менің де есімде әр бір минутты кездің
Сені сүйетінімді қылықтарыңнан сездім
Менде ұнаттым жүрек әуені дүрсіл қақты
Өзіңді ойлаумен қаншама таңым атты
Егер басқаша болса тіпті елестетпеймін
Талай қиналдың енді мен жаныңнан кетпеймін
Өзгелер не десе де оларға мән бермеймін
Себебе оларды өзіңе тең көрмеймін
Сүйесің бе? Сүйемін дәлілі сезім болсын
Әр бір жанның жүрегінде дәл біздей сезім қонсың
Аттанып болашаққа көреміз нәтижесін
Алғашқы ұлымыз өзіңе қарап әке десін

Қайырмасы;
Қаншама күндер біз бірге
Тағдырға рақмет айтайын сені кездестірген
Қаншама айлар махаббат қайда
Енді жоғалтып алмайық абайла
Ұйқысыз түндер түсіме кірген
Біз бірге болатынымызды кім білген
Суық көздер ауыр сөздер
Бірақ саған деген сезімім сөнбес

2)Жанымның рухын тербетіп,жүрек жарасын емдетіп
Бәрінен шаршаған кезде қолыңды созып сен келдің
Талай шатасып сенделдім барам деп болашаққа
Негізінде мен саған ғашықпын балалық шақтан
Көзіңнің жасын сүрт енді бақытты болар кез келді
Еске алайық отырып алғаш танысқан кездерді
Құлаққа жаймен жақындап сыбырлап айтқан сөздерді
Сенсіз қаншама мәрте оңаша қалып өзгердім
Қайтеміз өмір солай бар заттар бағаланбайды
Сөзімді шумаққа салып жеткізумаған ыңғайлы
Бағалау керек мұндайды шынайы махаббатты
Өзіңді сағынып қаншама түн мен таңым атты
Сен көктемсің,сен жазсың,табиғаттсың
Құрсыншы бәрі өзіңмен бірге таңым атсың
Бағала махаббатты арманға бір қадам
Өмір сүріп жүрген соң шын сүйу керек адам!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-