Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

JaCoB SEILOV - Жадыра жаным feat. Tarlan | Текст песни

1-ші куплет (Тарлан):

Жұртқа айтарың сенің: Өзгелерден күштіміз,
Таза қазақ болсаң же қуырдақты, іш қымыз.
Маған бәрі бір саған тәтті ме әлде қышқыл ма,
Орныңды біл, інім, отыр кәне, тшш (тыныш), тыңда...
Қалауым қара әуен, талғамның да таласы бар,
Маған жетем деп, бауыр, тұяғыңда таға сынар.
Иә, шабасың ал, қол бұлғайсың қырдан сен,
Алайда мені қинайтын мүлде басқа бір нәрсе.
Алдымда асқар тау, міндетім асқақтау,
Шыңға шыққан сәтте мүмкін бе бас қатпау.
Шайқының жөні бөлек, бір шайқағаны көшені,
Жыңғылдың бұтағындай бір жанады да өшеді.
Бір сарын сынды кешегі – әдетті жаз, қыс,
Қажет қалың қауымға өзгеріс аз-мыс.
Бағытты оңға бұрсам да бұл бизнесте біл жол теріс,
Әйтпесе, күні кеше жасайтын едік төңкеріс.
Өйткені бұл өнерде сыншы көп жағалай тым,
Және де жоқтың қасы болып тұр бағалайтын.
Әйтеуір ел тыныш, әйтеуір ел аман ба,
Онда біздің де бір күн жинақ тұрар меломанда.
Басты маңыз не, мән ізде,
Қолдасаң жоғары шық тұра бермей дәлізде.
Күтсеңдер сабырлықпен бүгінге шукір етіп,
Сәті түсер Бораттың да бетіне түкіретін.

2-ші куплет (Әсет):

Адамдар күнәсемен мақтануды ұйғарды,
Жақында көресіңдер, жануарда ми барды.
Күй тартып беретін, нағыз қазақ домбыра,
Айтшы енді жалғандардың жазған әні бомбыма.

Жалбыратып желеуін, жау жүрегін қалтырат,
Жаныңнын барында табаныңды жалтырат.
Еңсеңді түсірмей жаныңды жадырат,
Маста аспаныңнан жыр шумағын жаудырад.

Мұрт тағар емеспін, мұрт тағудан жалығамын,
Жұртқа мұныда айтамын, жазу керек жарық ән.
Интернетте көп-көп сол сұрақпен шалынамын.
Жырың егер ұнаса, өзім саған жалынамын.

Бес жылдың ішінде-ақ, тәжірибе жиналды,
Шала жалған келумен, қазақ рэпі қиналды.
Енді оған жол бермейік, құрметті ақындар,
Бір-бірлеріңді емес, ібілісті атыңдар.

Тәсілімен мәнері әр түрлі, бағыты бір,
Әзілі жарасқан ән түбі, шабыты бір.
Тек бір ғана мақсат, текті ғой осы жүйе,
Күйеңді жаға көрме, бұл біздің жан дүние.

3-ші куплет (Наср):

Таусылар әлі сарқырап аққан тау суы,
Жаңа ғасыр, жаңа кезеңге ауысуы.
Ашуы қатты жел ызғары тынышталып,
Ұшады биікке қазақ өнері тым ұшталып.

Жадырап жанымыз, жарасар әніміз,
Қазақ атын әлемге көрсетеміз әлібіз.
Жүректен шыққан туынды тербейді мәңгі ,
Уысымнан шыққан буындар неткен дәмді.

Мәнді өнер, тәңірден берілген дәрідей,
Әнге шеберлер болуда гей, кәдімгідей.
Хей. тыңдайды нені адасқан бұл қауым,
Оятайын сені соқыр керең мылқаум.

Адамға бұл өмір берілген бірағы рет.
Қабілетті тән сондағы бір кесек ет.
Періштелер төбеден қарап дейді екен,
Пах, бұл адамның амалы неткен ғажап еді.

Бағалы заттың құны түспес ешқашан,
Бағасы арзан жалғаннан тез қашам.
Шайтан көңіл алдап меніменен келіспекші,
Аулақ жүр дедім, өйткені Аллаһ менің патшам.

Қайырмасы:

Жетем десең жету оңай, сөзіме сен
Кетем десең кету оңай, біле білсең.
Жүректегі сенім қандай аман есен
Жадыра жаным жадыра жайна әсем.

JaCoB SEILOV еще тексты


Другие названия этого текста
  • G.H.A.D - Жадыра жаным feat. Tarlan (0)
  • JaCoB SEILOV - Жадыра жаным feat. Tarlan (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2