Көргенімде, сені алғаш, періштедей көріндің, Сені көріп, сүйгім келді,сүйгім келді өмірді, Ей, қарагөз, сұлу жүзің баурап алды көңілді, Көргенімде ажырату қиын түс пен өңімді.
Өзің жайлы күні-түні,күні- түні ойланам, Күә болған таңдарыммен пәк бейнеңмен оянам. Білмейсің ғой, сезбейсің ғой кереметін жүректің, Мына жүрек өзің жайлы талай сырды жыр етті.
Жаратқаннан сұранамын жырақ қылмас деп өзіңнен Өмір заңы шығар бәлкім сүе білу төзіммен, Болсаң да сен басқа жанмен, сүйсең де сен басқаны, Күтудемін шырқалар деп махаббаттың басқа әні.