Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Janassov Rakhymzhan ft KaisaR - Жалғыздық (NEW 2015) | Текст песни

Джанасов Рахимжан:

1) Жазамын қалам алып, сені ойлап мұңға батып
Ақтарам сырларымды ақ параққа мың толғатып
Сен жайлы ойлар мазалайды мені күні түні
Қиналды жүрегім, махаббат бітті қорлатып

Өзіңмен қоштасқалы жоғалтты бұл өмір мәнін
Қайдан қана тап болдың сен маған, түсінбедім әлі
Не себепті кездестірді тағдыр жалған екеумізді
Не үшін айтшы Құдайым, түсіндірші маған бәрін

Ойламасам сен туралы тұра алмаймын сені іздеймін
Күтуден жалықпаймын сен дегенде көз ілмеймін
Қайда барсамда кезігемін сенің елесіңе
Жүректің қалауы сен едің, маған сенесің бе?

Жазғым келмейді менің махаббат сезім туралы
Шаршады жүрегім қиналып әлсіз соғады
Себебі бастан өткен бір мәрте емес талайлары
Жан тапсырды сезімдерім мәңгілік кетті жоғалып

Қайырмасы (KaisaR):

Неге жаным тағдыр бізді қоспады?
Мәңгілікке жүрек сен деп соғады!
Сол бір ару жүрегімді баурады
Жүрегімді жалғыздық қинады

Джанасов Рахимжан:

2) Қаралы әрбір күнім өтіп жатқан жалғыздықта
Серігім болып кетті қара түнек, жауыздық та
Жүрегім құлыпталды, ашылмайтын тас қамалға
Ашуға көмектеспес түрлі қару, амалдар да

Қараңғы түнекте, өтуде менің өмірім
Ешкімге байқатпаймын, қанға толған жүрегімді
Қамалдың арғы жағында отырса да маған мейлі
Үміті сөнбегендей бәлкім біреуді іздейді

Іздейді жүрек емін, жалғыздықтан құтқаратын
Іздейді аруды, мәңгілік бірге болатын
Бәлкім ол да жүрген болар, адасып мен сияқты
Табалмай жүрек отын жағатын алтын шуақты

Келемін іздеуменен таба алмай жүрек емін
Күресем жалғыздықпен қалғанша соңғы демім!
Бір күні біреу келіп құтқарады бұл түнектен!?
Әзірге жабылды есігі мынау дүниенің!


Janassov Rakhymzhan ft KaisaR еще тексты


Другие названия этого текста
  • Janassov Rakhymzhan ft KaisaR - Жалғыздық (NEW 2015) (1)
  • ♥♥Mirok♥♥ - Жалғыздық (NEW 2015) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1