Дос деген әрқашан жаныңда болар, Қандай қиын болмасын жаныңда олар Қиындық туған кезде көмегін береді Шаттығың мен мұңыңды бөлісіп жүреді. Достарыңды тастама қиындық қыстау кезде, Достарыңа бол адал әрқашанда жүрекпен, Достарым қайдасыңдар сағындым сендерді? Бірге болған сол бір уақыт шаттанған кездерді Мектеп табалдырығын сендермен бірге аттадым Өмірдің бастым сендермен маңызды қадамдарын Бірге өстік мектепте бірге болдық барлық кезде Қыс мезгілі көктемде жаз мезгілі күзде. Өздеріңнің көмектерің тиген еді әрдайым, Сендерге көмекке келуге мен дайынмын
Қ/сы: Достарым менің сендерді сағынамын, Өздеріңмен жүздесу менің дағы бар арманым Өмірімнің бір кезеңінде сендер тұрсыңдар Сағындым сендерді достарым қайдасыңдар?
Күн мен түндер өтеді бірін-бірі ауыстырып, Уақыт өтіп бара жатыр өмір өзін таныстырып. Тағдырым да алыстырып алда туар қиындықпен, Досым болса қасымда қиындықты жеңіп өтем. Дос дегенде әнімді тебірентіп тербеймін Дос дегенде жыр жазуға еш мүлде ерінбеймін Осы әуенім арқылы достарға сәлем жолдаймын Дос деп соққан жүрегімнен ән жолдауға мен тоймаймын Мәңгі болатын достар нағыз достың санатында Өлсе дағы кездестірсін о дүниенің жәннатында Болсын көкке де ұшатын бақыттың қос қанаты да Тапсын деп тілеймін өмірлік махаббатын да. Жақсы дос пен жаман досты айыра білу керек, Жаманменен дос болам деп бауырым болма елек. Ал нағыз дос болар адамдарды қолдаймын, Сол жандарға жүрегімнен өлең жолын жолдаймын