1. Көктем мезгілі жанға сезілді Жүректен оянады махаббат сезімі Үнсіз махаббат жаңа тақырып Табиғат та келеді күннен күнге жаңарып Қол ұстасқан ғашықтар табиғатты аялдайды Бірін-бірі сүйеді, бірін-бірі аялайды Аймалайды, күн нұры шуақ шашып тұрады Көктемнің салқын самал желі бетке ұрады.
К/сы: Көктем мезгілі келді сезімдер жаңа ашылды Табиғат та тіріліп жанға жайлы нұр шашылды Сезімдерді ояту көктемнің ол құдіреті Махаббаты оятатын мезгіл бұл қасиетті 2-рет
2. Махаббат бар ма екен деп сұрайсыңдар күн сайын Сол сұраққа менен дағы жауабым өжі дайын Сұрайсыңдар бар ма? Сұрайсыңдар жоқ па? Асықпай мені тыңдаңдар болды енді тоқтат Мен айтамын өлеңімде әрине махаббат бар Меніменен келіседі қол ұстасқан ғашықтар Бар бар бар махаббат
К/сы:
3. Айналамда көбейді қыз бен жігіт қол ұстасқан, Қол ұстасқан ғашықтарды қос аққуға мен ұқсатам. Көк аспанның аясында құстар самғап барады Ақ бұлақтан мөлдірленіп сылдырлап су ағады Көктемнің нұрлы жанары жүректен орын алады Сүйгенін біреу табады, арманы орындалады Көктем барлығына да бақыт әкеледі Көктем деп бүгін шырылдап әнімді тербедім.