Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

J.Gero - Айтшы | 2016 | Текст песни

Chorus:
Айтшы сен
Сенде мені дәл мендей сүйесің бе?
Айтшы сен
Сезіміме менің сенесің бе?
Маған қарашы сен,
Мені тыңдашы сен.
Нәзік жүрегіңді
Маған сыйлашы сен.

Айтшыыыыы,жүрегіңді маған бересің бе?

1.Айтшы маған жауабын
Көп күттірмей қарағым.
Білгім келіп барады
Жүрегіңнің қалауын.
Жүрек сыймай кеудеме
Шыдай алмай барамын.
Суретіңе қарай бере
Мен өртеніп жанамын.
Сен ден соққан жүрегімнің
Естисің бе ғашық үнін.
Сезесің бе,сенесің бе?
Сезіміме сен күнім.
Ұнаймын ба мен саған
Лайықпын ба мен саған.
Жүрегіңнің жартысын
Сыйлайсын ба сен маған.
Болшы
Жаным менің аңсағаным
Сұлу жарым,аңсар әнім
Бүкіл әлем тамсанатын.
Болшы
Мағынасы өмірімнің
Әміршісі жүрегімнің
Аппақ кұсы тілегімнің!

Chorus:


2.Сезімімді қабыл алшы
Көңілімді қалдырма!
Жалғыздықтың алаулаган
Отына сен жандырма.
Айтшы сүйсең жаным мені,
Соза бермей уақытты.
Аялаймын мәңгі сені
Құшағында бақыттың.
Тура қарап көздеріме
Сүйем деші сені шын.
Өзгені сен көзге ілме
Егер сүйсең мені шын.
Дайынсың ба менімен
Мәңгі бірге болуға.
Күлімдеген ақ бақытқа
Қол ұстасып баруға.
Болшы
Жаным менің,аңсағаным
Сұлу жарым,аңсар әнім
Бүкіл әлем тамсанатын.
Болшы
Мағынасы өмірімнің
Әміршісі жүрегімнің
Аппақ құсы тілегімнің!

Chorus:
Айтшы сен
Сенде мені дәл мендей сүйесің бе?
Айтшы сен
Сезіміме менің сенесің бе?
Маған қарашы сен,
Мені тыңдашы сен.
Нәзік жүрегіңді
Маған сыйлашы сен.

Айтшыыыыы,жүрегіңді маған бересің бе?

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-