Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

JoppY [JS Centr] - Ұмытылмас | Текст песни

Адалдығың білдірмеді әлде өзім байқамадым
Бірақта саған деген сезімді мен сақтағаным
Самал желмен кеш батып ай астында кездестім
Сол кезден бауыр басып жас жүрегіммен сүйдім
Аяладым мен сені маңдайыңнан сипалап
Жанымда әркез жүрдің жұлдыздай сен жарқырап
Уәде бердің сол кезде сүйемін деп жүректен
Бірақ бәрі бекерме дақ болғаны неліктен
Айтушы едің сен маған жүректерді жалғадық
Ай астында сыр бөліп махаббатты ояттық
Осылайша тербетіп сезіміңді жеткіздің
Қуанудың шегі жоқ жалындады жүрегім
Содан кейін жалықтың күннен күнге бас тартып
Жатырқадың сен неге айтар сөзің жоқ анық
Жүрегімнің лүпілімен махаббатты ластадың
Мені жаным кінәләп өз-өзіңді ақтадың !

Ұмытылмас сол күндер жара болған жаныма,
Гүлім едің сен менің жайнап тұрған бағымда!
Қыз сұлу көркем нәзік ақиқаты сол болса,
Ұмытылмас сол кездер, жазылған тағдырыма.
Сенің ұзын шаштарың жағадағы толқындай
Сенің қара қастарың жаныма шашылғандай!
Көз алдымда жүргенде қарай бердім жүздеріңе
Бар жайған құшағыңды елестетем көздеріме!
Сенсің жарық жұлдызым арманға жетелеген,
Аялаған құсым едің жүректе мекендеген.
Жас жүрек елжіретіп алаулап жалындайды
Жалындаған жүрегім қалайша сағынбайды!
Ертегі кейіпкердей махаббатым таңғажайып,
Осылай жеткіземін, бар сезмім саған лайық.
Ұшаңда бағымнан менің жүрегім іздей береді,
Жалғыз калған кездерім жүрегіме ауыр тиді...

JoppY [JS Centr] еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1