Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Julik MC х Жақсыбек Жәнібеков - Естелік | #KRP | Текст песни

Julik MC:

1. Қоштасқалы отырмыз Нұржан бауырым, өзіңмен,
Сенің ерте кетеріңді бұл жалғаннан кім білген?
1 жарқ еткен найзағайдай сөне қалды-ау жұлдызың,
Көре алмай кеткенің бе сонда өмір қызығын?
Апаңның жалғыз тұяғы болып едің сен, бауырым,
Сұр топыраққа тиді қол-аяғың, жауырының...
Неге асықтың соншама күресуге өліммен?
Еске аламыз біз сені бұл кеште мұңлы сезіммен.
Өмір заңы: туылып, қайта кету жалғаннан,
Барлық пенде бұл ғаламның осы заңына бағынған.
Ақжарқын сенің жүзіңді бір көруге сағынамыз,
Суретіңе қарап тұрып өткен күнді еске аламыз.
Жалғыз қалған апашыңның қауіп төнді басына,
Қайғыменен қосылда ақ шаш қара шашына.
Қасымызда болмасаң да, жүректен сен табыласың,
Қасіретпен қалды-ау дос, туыс, бауырың, құрдасың...

Жақсыбек Жәнібеков:
Қ-сы:
Еске аламыз сізді бауырым,
Қимаймыз ғой өзіңді ажалға.
Өзіңсіз өткен күндер бір қайғы,
Еске алып бізбен күз де жылайды.

2. Жігіттік жасқа кеше толып, бүгін жоқсың арамызда,
Ешқандай шипа таппадық мұңға толы қайғымызға.
Дүние есігін ашып едің 18 жыл бұрын,
Әрқашанда айтарымыз: “Жұмақтан табылсын орның”
Сұм ажалды ешкім жеңбес, одан ешкім құтыла алмас,
Ол тек Тәңірге аян, пенде жоқ қой дүние салмас.
Төсін ашып қара жер өз қойынына енгізді,
Сары алтын үмітпен тастап кеттің не үшін, бауырым, біздерді?
Барлығына ақиқат, бұл өмір Жаратқан сынағы,
Иманды болсаң әрдайым төгілер Алланың шырағы.
Сол себепті айтарымыз: “Иманды болсын аруағың”
Мәңгілікке сөнбесін артта қалған жас шырағың.
Сөздерімді аяқтайын қоштасуға сонша қимай,
Дертке шипа жоқ, ағажан, жүрекке басқан қызыл шоқтай.
Естелік бұл мәңгіге артта қалған бауырлардан,
Еске алады сізді, Жан Аға, 11-ші шағын аудан...

Өртеніп барады өзегіміз күннен – күнге,
Біреу келіп біреулер кетер 5 күн тірлік бұл өмірде.
Жастық шақты артқа тастап жігіттік жасқа толып едің,
Әрқашанда тілеріміз: “Жұмақта болсын орның сенің”

Жақсыбек Жәнібеков:
Қ-сы:
Еске аламыз сізді бауырым,
Қимаймыз ғой өзіңді ажалға.
Өзіңсіз өткен күндер бір қайғы,
Еске алып бізбен күз де жылайды.


Другие названия этого текста
  • Julik MC х Жақсыбек Жәнібеков - Естелік | #KRP (0)
  • Julik MC ft. Жако - ESTELIK (0)
  • Julik MC ft. Жако - Естелік (0)
  • Julik MC ft. Жако - ESTELIK Nurzhan forever (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-