Шынында, менің айтқан сөзім түкке тұрмайды, Саған жақсылық жасауды мен қатты аңсаймын. Жасым жиырма екіде, бірақ ол үшін сәби, Анаңның алдында, досым, басыңды и. Ия, ол іздейді сені, ал сен оған ренжисің, Білемін, Алтын адамға сен қарсы сөйлейсің. Бір нәрсе сұраса, «Неге сұрай бересің?» Қайталап сұрағанда ол саған ренжімей жауап беретін. Анаңа апармаған гүлді қызыңа апарасың, Қызыңның бетінен сүйгенің үшін қуанасың. Ал анаң сен үшін ұйықтамай жұмыс жасайды, Маңдайдан терін сүртіп, кіші кезден арқалайды. Анаңды жылатпа, жылатсаң, аяғын ұста, Тізерлеп тұрып ол адамнан қазір кешірім сұра. Ана деген – махаббатқа лайықты жалғыз адам, Ана махаббатын ешбір қызың бермейді саған.
Қ-сы: (х2) Сыйлаған әрбір күні мейрам, Өзіңсің көз жасымды тыйған. Біткенше дем қорғаушың болам, Алғысым шексіз, алтын анам. Қорғаушың болам, Алыстамайм әр кез, біл, мам. Қасыңдамын әр кез, біл, мам, Қасыңдамын әр кез, біл, мам. Қасыңдамын әр кез.
Қызым тастады деп ішімдік ішіп кетесің, Сыра ішкеннен, досым, не нәтиже күтесің? Қыз деген кездеседі талайы алдыңнан, Ал ендігі ойлан, анаң жалғыз адам. Алтын адам – ерекше, қайталанып жатпайды, Анасыз ешқашан бір таң дұрыс атпайды. Қадірін біл сен, есіңе түсір бәрін, Жетектеп тәй-тәй басқызған ізіңді әрбір. Күлме менің сөздеріме, өзім де зорға тұрғанда, Көзімнен жас ағады, оны барынша созсам да. Сен жігіт боларсың, бірақ ол басқа, Баяғы кішкентай сәбисің, жылап еркелеп жатқан. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, Жан жылуымен бізді аялап жұбатады. Барынша құрметтеп сыйлау әр баланың парызы, Сен қатты қанша сүйсең де, өмір бойы қарызсың.
Қ-сы: (х3) Сыйлаған әрбір күні мейрам, Өзіңсің көз жасымды тыйған. Біткенше дем қорғаушың болам, Алғысым шексіз, алтын анам. Қорғаушың болам, Алыстамайм әр кез, біл, мам. Қасыңдамын әр кез, біл, мам, Қасыңдамын әр кез, біл, мам. Қасыңдамын әр кез.