Балаңның анасын соғасың, қайда-қайда барасың, Менің бетіме қарап, қалай дұрыстап та айтасың? Неге сен ойланбадың жатар алдында қызбен, Сәбидің кінәсі не, керек емес, сенсең. Мен сені сөзбен езем, лайықты емес адам, Өзімді ақылды санамаймын, өлеңдерімді тыңдасаң. Болдың да құлды жұмсап, жайлаудағы малдай, Әлде ақшасын төлеп қойдың ба сатып алатындай? Ол да біреудің алтын қызы анаңды «мама» дейтін, Естірген қылықтарың үшін шыдап күлімдейтін. Мүмкін қателескен болар, адамда болатын зат, Мықтымын деп ойлайсың ба сүйетін жанды қинап? Ешкімді де жақтамаймын, бірақ өзің де қарайсың, Сендей есі кемдерден әкесіз қалады сәби. Не үшін үйленесің дайын емес болсаң, Кім сені ертең жылытады клубта жалғыз қалсаң?
Қ-сы: (х2) Сенікі дұрыс емес, еркек, Мен емес берер саған кеңес. Нәзік жанға қол жұмсау бәрібір дұрыс емес.
Сыйлап біл, риза бол қолыңдағы барға, Қателік үшін жыртылма шапқандай жыртқыш аңға. Кешірімді бол, сен кімсің Тәңір кешіргенде, Бүгін күн жақсы болады кешегіні өшіргеннен. Ешқашан жұмсама қол, нәзік жан кінәлі болса да, Себебі ол сүйіп, бүкіл өмірін арнады саған. Менің сөздерім – тыңдайтын адамға дұрыс нәрсені, Адамды толықтай білмей қима ешқашан некені.
Қ-сы: (х3) Сенікі дұрыс емес, еркек, Мен емес берер саған кеңес. Нәзік жанға қол жұмсау бәрібір дұрыс емес.