Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Kadem - Бәлкім (NEW 2015) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Қызылда тамон қандай, парақтың бетін ластадым,
Концерт, үлкен сахна – менің арманым, жоспарым.
Бірақ та өзім тоқтадым, кешір, мен сені боқтадым,
Кейде бұл жүріспен болашағымнан қорқамын.
Өзім ойланып біршама, кішкентай Қуаныш қайда,
Сынып сайын мақтау қағазын әкелетін бала.
Төбелестен емес, сабақтан жарысқа баратын,
Жақындары үшін үлгі, мақтан болатын.
Әрбір көшені тоздырып, кетіп өзімізше,
Көше үйретті қарсы сөйлеуді әке-шешеме.
Баяғы дұрыс бала – қазір миы жоқ, есі кем,
Ия, дұрыс айтасың, өлеңім қоқыспен тең.
Мені менсінбес ешкім, ол солай боп қалады,
Қиыншылық тіке соқса да, өзімдікін аламын.
Бұл өзімнің қалауым, тағдырдың қатысы жоқ,
Шындықтың бәрін ашсаң да, бәрібір күтеді оқ.

Қ-сы: (х2)
Бәлкім, жыны келеді маған жарты Қазақстан,
Себебі рэпті таңдадым мен алдымдағы астан.
Жан-жағым толған қасқыр, бітті, талап тастады,
Кешір, менің ойлағаным іске аспады.

Неге біздің ардагерлер туралы бір кинолар түспейді,
Сұрақты қойма артық, бәрібір сөзім дым шешпейді.
Сіз үшін болдық наркоман, жасы кері тартатын,
Ақтөбенің бір жерінде Әнұран шайқалып жатыр.
Бірақ та біздікі емес, болмасын ол да тұрақты,
Көтерілеміз деп жүріп, түсіп қалмайық қармаққа.
Соғыс батырлары болмаса, көрмес едік «жұмақты»,
Қазағыма қиындатпасын Жаратқаным сынақты.
Әр жүзге бөлінбейік, бөлінсек, болашақ көрінбей,
Менің ойымша, Қызыл Ел кіріп кетеді білінбей.
Әр қалаңның ар жағы білінбейді жарнамадан,
Сондықтан қажет емес шығып босқа Қараңғыдан.
Алдайды ата-әжемді өтірік құжаттармен,
Қайдан шыққан ақылды деп ешкім тыңдамайды, білем.
Айтқым келеді сен ойланбайтын нәрсені,
Сондықтан, ойлан, қалатын атың моладағы суретің.

Қ-сы: (х2)
Бәлкім, жыны келеді маған жарты Қазақстан,
Себебі рэпті таңдадым мен алдымдағы астан.
Жан-жағым толған қасқыр, бітті, талап тастады,
Кешір, менің ойлағаным іске аспады.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -