Қайдағы өмірбаян, мен әлі дайын емеспін, Әлі шеті көрінбеді армандаған белестің. Атақтың босағасын аттамадым, егер білсең, Әрбір өлеңім – өмір, оны дұрыс түсінсең. Егер де көтерілсе, қазағым қарсы шығар, 2РАС секілді бізді бір күні ататын болар. Шындықты жырлап жүріп, айтсаң, тек қана бетке, Бізде денең айналады стейк секілді етке. Қайдағы топырақты шашу, мен көргенді жазам, Бұл деген өнер емес, мен үшін – үлкен азап. Менің көздерімнен көрмейсің саған сенім дегенді, Ешкім қайта шығармас рэпке батып жатқам кемемді. Көлік шығарып мақтанғанша, қисық жолыңды түзе, Қаншама сәби өліп барады, соның ауруын емде. Артық әңгіме айтпа, өлесің, есің кем бе, Артыңнан бір жан шықпайды шындықты сөлегеннен.
Қ-сы: (х2) Үмітті ақтамайм, бірақ та тоқтамай, Бір күнім өтпеді өмірде боқтамай.
Жазылған тағдырым мені бір жылда күрт бір өзгертіп, Білімнен алған жоқпын өзіме затты керекті. Бұл – іштегі күйік шығып жатқан қаңғыбастан, Сен ештеңені ұқпайсың түйілген қабағымнан. Ішімнен айтып қоям: «Кадем, сен бәрін жеңесің!» Ал ол кешке жылайды жерге тіреп тізесін. Бұрынғыны еске алып, өкініп әрбір іске, Артыма қарай беремін саусағымды тістеп. Мен де сен сияқты бір уайымсыз жүргім келеді, Бес уақыт бастамасам да, жақсысын сұрай беремін. Қорқамын қатты, мүмкін, істеген ісім қате, Ана жақтан шығаруға көмегі тимес тәтеңнің. Қолымдағы парақ өмір туралы қозғаған, Бұның да күтіп тұрған болар, жауабы қиын маған, Он күнәнің тоғызы – тілден екенін біле тұра, Осы күнге дейін сөлеп келем боқтықты қоса. Біршама қателік жасадым, оның бәрі іште, Бәріне шыдам келем Тәңірім берген күшпен. Қазір қатты қорқам төсектің ләззатынан, Минуттық нәрсе үшін айрылуға Жәннатымнан. Біреулер көтерілсе, мен деген құлап білем, Ешқашан ойлағаным болмаған менің іздеген. Қазіргі мезгілде ата-анамның көз жасы, Шыдай алмай жазамын бәрін өзімді басып.
Қ-сы: (х2) Үмітті ақтамайм, бірақ та тоқтамай, Бір күнім өтпеді өмірде боқтамай.