Сенің бейнеңді көргім келеді көз алдымда Езу тартып жымиғаныңды ұялғаныңда Мөлдір көздеріңнің жарқырап маған қарауын Жанарыңның батып кетсем ғой тұнықтығында Шіркін жалғаса берсе өмір осы қалпында Әрбір сәттен ләззат алып сенің құшағыңда Нәзік қолдарыңды ұстап жылуына тоймай Жібермеудің іздеп амалын уақыт барында Бірақ қазір бұл тек арман сен жоқсын қасымда Сенсіз күндерім мәңгі тәрізді жалғасында Осы қара күндерде тағдырымды кінәләп Қала беремін сағыныш пен қайғының ортасында Өмір арнасында көргім келер күлкіңді Асығамын қуып жетуге мен бұл күнді Үзбе үмітіңді жүрекке жағымды Әлі де сүйемін, жаным сені сағындым
Тағы да өзіңе арнап өлеңімді жаздым Жалғыздыққа толған кештерінде суық жаздың Жүректегі ыстық естеліктер шабыт болып Сыяны қисық жазумен бетіне қағаздың Ішімде жиналған осылай табады жалғасын Білемін менің өлеңдерімді сен ұнатасың Тағы бір ән нұсқасы туылады сәл сосын Сен алыстасың, жанымда музыка – жан досым Есіңде ме қанша күн қайғылы сол сәттен Асықпай қинап өтті әрбір жаңа күнімен Демеймін шынымен, өтіріктен пайда жоқ Сол уақыттың түгелі ойымда болдың тек сен Сені ұмыту үшін не істегенімді білерсің Пайдасы жоқ дегендей көз алдымдағы елесің Уақыт тек күшейтеді жүректегі жалынды Әлі де сүйемін, жаным сені сағындым
Өмір арнасында көргім келер күлкіңді Асығамын қуып жетуге мен бұл күнді Үзбе үмітіңді жүрекке жағымды Әлі де сүйемін, жаным сені сағындым