Егіз-лебіз Сөзін жазған: Исраил Сапарбай Әнін жазған: Жұмағұл Қыдыралиев
Көгімдегі айым дейін сені, Көкшедегі қайың дейін сені. Көзден ұшып жырақта жүрсең. Шамшырағым күнім дейін сені, Әнші бағым, гүлім дейін сені. Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.
Сағынғанда саялайын сені, Аққуымдай аялайын сені. Айдыныңда қалықта, жаным. Бала қаздай мәпелейін сені, Жаңа өмірге жетелейін сені, Жаныма кел, жабықпа, жаным.
Қайырмасы.
Аппақ таңдай тілегім де өзің, Алатаудай тірегім де өзің. Жер бетінде қатар жүргенде. Қоныстасып бірге күн кешейік, Қол ұстасып бірге үндесейік. Атар таңға, батар күндерге.