Бір жүрек тоқтады сен үшін, Көктемді көруге құштар ек... Жүрегім суынсын, жерісін... Бұл тағдыр осынша қысқа ма ед?.. Жадырап түсіме тағы ендің, Оянып кеткен сәт жоқ бәрі... Құйтымдай бөлшегі Әлемнің, Сен үшін бір жүрек тоқтады... Бір жүрек тоқтады сен үшін, Қызғанып өзіңсіз сәттерден... Қарашы тағдырдың жеңісін, Бітпекші бір ғана дәптермен... Қызғаныш - ерекше заңдылық, Шаршатты өмірдің соқпағы... Раушандай бір өлең қалдырып, Сен үшін бір жүрек тоқтады... Бір жүрек тоқтады сен үшін, Қол сағат тықылдап жүріп тұр... Бітіпті ғұмырмен келісім, Жыла да жаныңды тынықтыр... Қызғаныш - ең қатал әділдік, Жүрегім расымен соқпады... Кеудемді мәңгілік қабір ғып, Мәңгілік бір жүрек тоқтады...