Үкілі Ыбырайдың әні
Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып, айдын көлден дабыл қақтым.
Айта алмай Гәккуімді ешбір адам,
Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым.
Қайырмасы:
Гәк-ку, Гәк-ку,
Гак-га, га-га-га-га-га.
Гак-гак-ку, а,
Гәк-ку гәк-ку,
Га-га-га-га-га-га-га а-ау.
Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді еске толғанамын.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1