Жанға дауа, мөлдір таза суын іштім бұлақтың, Адалдықты, адамдықты жүрегiммен ұнаттым, Жеке дара шапқан оза жүйрік менің құмарым, Әсем әнмен тәтті күй ғой шын өмірлік сыңарым!
Баладаймын еркелеген желбіреткен тұлымын, Жолдаспын мен бір бөліскен ыстығы мен суығын Барына да жоғына да шыдай білген тектімін Дауылдатып құйындатар әлі қатты екпінім!