Жұдырықтай жүрекке берген Құдайым намысты! Ешқашан умытпаймыз жауға қарсы шабысты! Бабамыз өз елінде жүрмеген ешқашанда пышақ үсті! Елім деп! Жерім деп! Қаншама қазақ жан үзді?! Айтшы қиындық көрдік па?! Дәмін татып көрдік па?! Атам қазақ айқаспаса жүретін едік құлдықта Жауға намыспен жерін бермей өткенді ұмытпа! Сенің болашағың үшін қан төккенді ұлықта! Жер үшін ел үшін жан берген ал қазір жер сату! Намыссыздықтан қазірде дауыл тым қажетсіз шу Кең байтақ еліміз бар соны жоғалтып алмайық Мәңгілік Желбіресін қазағымнын жеңіс туы! Ел умітін Ер ақтар Ер атағын ел сақтар Деген Байырғы қазағым, себеп қандай қазақ жерін сатар. Осы сөздерім менің бос қалмас оятар қазақ намысын. Тәуелсіздікке із салған бабама шексіз Алғысым!
Қайырмасы:
Сарыарқадай көңілім,Хан-Тәңірдей мінезім Бұл жырым қосса деймін намысқа бір үлесін Қалқаны қатпар қазағым жасай бер жаса жаса Жеңістің туы мәңгілік көгімде желбіресін
2.
Әлімсақтан жүрегі намыспен жаратылған Өткеннің өрен боздағы алашқа дара тұлға Ақтабан шұбырынды еді суығы майданның Қан кешкен сол майданда жеңісім бірлік болған Бергісі қырық бестің шырт ұйқыны бұзғаны Ер есімі ел есінде сол бір күннің ызғары Бейбіт өмір сыйлаған медаль таққан тарланым Азайып бара жатқаныңа жүрегім сыздады Айтар сөзімнің тағы астын қызылмен сыздым Алаңға шыққан еді ұрандап ұлмен қызың Жерім Жалға да,саудаға да берілмейді деп Шыққан еді бірақта жасырды билік жүзін. Мирас боп қалған бізге атам қазақтың жері Есінде болсын ұрпақтың бабамның төккен тері Бұл күнге дейін жеңістің туын ұстап келеміз Жеңіске бірге жетеміз жасай бер Қазақ елі!