Білмейм кейбір кезде мен күрсінемін Несіне Шабытпен жазылған әніммен түсейін есіне Сенесіңбе? Сен туралы ән жазам себепсізде Түршігіп денем алғандаймын тылсым күш бір өзіңнен Қараймын өтсем жақын терезене, көрем деген Үмітпен сені қадап Өмірлік ережеге, Себебі ерекшесін мен үшін сезімін ерекше, Күтемін кездейсоқ кездесулерді тіпті берік сенем Расында күткеннің алдында Күтеді сый үлкен Айтарлықтай керек емес маған тек керегі сен екен Болғым келеді мен сендік бақытқа себепкер Себепкер болдың сенде расында осы трекке Әнімменен тербетейын сенің көңіліңді Иілген шашыңнан сұлу келбетің күн сәулесіндей көрінді Дәрумен маған дауысын егерде мен ауырсам Өткізген уақытты сенімен қайтарам егер кайтарылса
part A.J
Арман қыз болдың маған бір күні орындалар Игі тілекпен жол кезіп келем сен алыстама, Дарасың мен үшін сен,қалмасын сезімің өшіп Арнауда әр сөзім шын,саған деген сезімім өршіп. Нағыз шабытымсың осындай бағытта әндерге Айналаңа көңіл бөлме сұлу тіпті мән берме, Тек елестет екеуміз өзгелерден бөлек ғаламда Жүрек дүрсілін қосқандаймын саған жазған қаламға. Себебі жүрекпен жаздым сүйкімдім сен менің назым Үмітсіз шайтан деген сенім емес үмітім басым, Алғашқы кездесу біздің ешқашан ұмытылмасын Сенің күлкің сосын денеңнің сұлу сұлбасы. Ғашық болдым арман қыз жүректі тебірентер Ғашық жүрегімді менің енді осы ән тербетер, Осы әуенмен жеткізейін ішімдегі сырымды Саған дейн болғанның бәрі артқа ысырылды. Сен менің қиялымда өңімдей болып қаласың Жүрегімнің бір бөлігінен орын аласың, Бұл әннің саған екеніне сенбессің арманым Сенемін уақыт өте сенде орындаларсың...