1.
Көргенде бір сені,теңіздей тасып ем
Өзіңе бойжеткен,əрдайым асық ем
Сонау кеш,қоңыр жел, есімде қалғаны
Есімде қалғаны өзіңе мен ғашық ем
Ұялымның тұтқасын ұялып басып ем
Сымсыз жол арнасы-сен менен қашық ең
Даусыңды бұлақтай естіген мезетте
Естіген мезетте мен саған ғашық ем
қайырмасы
Арманым,қиялым,əніммен асып ең
Махаббат құшағың айқара ашып ең
Үмітім,жалғызым,сүйкімді ардағым
Сүйкімді ардағым мен саған ғашық ем
2.
Күнімсің көктегі,арайың сен шашып ең
Үнемі əнімнің тек өзің басы ең
Шырқатып салғанда əнімді сен жайлы
Əнімді сен жайлы мен саған ғашық ем
Көңілің жайдары жаздайын жасыл ең
Мен үшін таптырмас,қымбаттым асыл ең
Бағалым өзіңді жанымнан көргенде
Жанымнан көргенде мен саған ғашық ем
KILLJOY x ASYLBEK еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1