Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Kinder ft J.A.M - Сәлем | Текст песни

Лақтыр артық ойдың бәрін.
Мен бүгін сенімен болғым келеді ұмытып бәрін.
Көргім келеді дәмін
Ерніңнің, теріңнің, тіпті деміңнің тереңдігін.
Құшақтап үлгер.
Осы уақытқа дейін жалғыз жатқаның жетер.
Үндемей тезірек кел
Артық сөздің қажеті жоқ, одан да елжіре сен.
Уақытты тоқтата сал.
Сен соққы жасадың тапқан соң тұсты осал
Сосын бұл шабыт толқыны келген омен неге десең
Мен оны танып қойдым соққысынан белден төмен.
Сосын, шындықтан ұялма.
Мысалы, сен-"әлемдік бренд", ал мен-"тістелмеген алма".
Кел қасымда бол да, сырт көзден қорықпа.
Мен оларға жауап берем жоғарғы сортта.
Маған бәрібір!!!
Бұл байланыс мухтаж емес, махаббат әрі жүр.
Ұрлықшы көздерің заңды бұзудан қайтпаған
Олардың бәрі бір.
Ал сен ерекшесің, тек мұны саған айтпаған.

Сәлем. Қалайсың?
Білем қалайсың?!
Қалай ойлайсың?
Мысалы сен және мен немесе мен және сен.
Сәлем. Қалайсың?
Білем қалайсың?!
Қалай ойлайсың?
Мысалы сен және мен немесе мен және сен.

Сен және мен, оянғандаймыз терең түстен.
Арамыз уақыт өткен сайын жақындап тіптен барады.
Сендей бойын биік түзеген тіктен қамалды
Алу мүмкін емес тек қана күшпен.
Енді мені бұрма. Сенімен сенімдірек енді адымдарым.
Сөздеріңді тыңдап жаныңда мен еріксіз жалындадым.
Сезімді өзіңде бар мен іздеген, өзгеден танымадым
Езілмеші мұңға. Күрсінбе тек. Мен сенің жаныңдамын.
Бері бұр көздеріңді.
Бас кейіпкері сен ертегімнің.
Сен бе мұңым?
Сен бе кереметі жанарымның көрген кербезін?
Маған бәрібір!!!
Бүгін сөгер ащы тілді адамның бәрі бір.
Бәлкім біреу түсінер. Тек маған бәрібір.
Танығым келеді сені тыңдап-ақ маған қарай басқан қадамдарыңның әр үнін.
Келген күресіп мінез майданнан қайтпаған.
Сен ерекшесің, тек мұны саған айтпаған.

Сәлем. Қалайсың?
Білем қалайсың?!
Қалай ойлайсың?
Мысалы сен және мен немесе мен және сен.
Сәлем. Қалайсың?
Білем қалайсың?!
Қалай ойлайсың?
Мысалы сен және мен немесе мен және сен.


Другие названия этого текста
  • Kinder х J.A.M - Сәлем | #KRP (0)
  • Kinder ft J.A.M - Сәлем (0)
  • Kinder ft J.A.M - Салем | #KZSOUND (0)
  • kasper feat Atilla - #SALEM (0)
  • J.A.M (Atilla) x Kinder (Halid) - Сәлем | #KRP (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-