Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

KOSMOS - Қайтарып берші... (www.gmusic.kz) | Текст песни

Қайтарып берші...

Құдайым онымен өткізген уақыттарымды қайтарып берші, оның жымиғанын сағындым, оның көздерін сағындым, онсыз менің өмірім бос

Жәй ғана достықтан басталғанын жақсы білесің
Жүрегім тыным таппайтын, кем дегенде бір көрмесем
Ешкімді елемей көзді жұмып ақиқатқа
Кім білген сол сезімнің айналарын махаббатқа
Жаным менің, жалған өмірде шын сүйгенім
Көптеген нәрселерді тек бір өзіңнен үйрендім
Жақсымен жолдас болып, жамандықтан жирендім
Сен ғана білуші едің, жаныма не керегін
Жүрегімнің тұсында, яғни төс қалтамда
Күлімдеп түскен суретің әлі де сақталған
Сендей мықты болмадым, сезімді ұмытатын
Ащы сумен тырыстым, сөндіруге үміт отын
Уайымдама, менде бәрі тамаша,-деп айтым келеді кездескеде оңаша
Сенде басқа өмір, қасыңда басқа жігіт
Сүйгеніңді бағала, сыйлама жалған үміт

Қайырмасы:
Сенімен, сенімен өткізген,
әрбір уақыттарымды мен,
сағындым қатты шынайы,
қайтарып берші құдайым

Тұтқаңды көтерші саған айтатын сөзім көп
Жүректе жиналған шерім сөнбейтін қатыгез от
Дауысыңды сағындым ал сен мені сағындың ба?
Оған қарап менімен салыстырасың ба?
Қоқысқа тастадың мен берген сыйлықтарды
Ұмыттың ба мүлдем саған жазған шумақтарды
Мені сүйген ерніңмен оны да сүйесің
Біз қыдырған саябақта енді онымен жүресің
Қалай ұмыттың бәрін айтшы маған қалайша
Біздің ортақ бақыт үшін тырыстым барынша
Есіңде ме танысқаның анаммен
Сызылып шай құйып әкеме де ұнап ең
Бүкіл таныстар бізге қызыға карайтын
Сыртымыздан тон пішіп тіпті көре алмайтын
Бірақ қирады біздің бақытымыз ортақ
Қазір сені сүйеді мендей кезекті ақымақ!

Другие названия этого текста
  • KOSMOS - Қайтарып берші... (www.gmusic.kz) (1)
  • ЕРАСЫЛ ЖУМАБАЙ - Қайтарып берші... (www.gmusic.kz) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-