Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

KOSMOS - Қызылордам (Single 2014) | Текст песни

Қызылордам

Менің қалам, Алтын Ордам
Менің сүйікті Қызылордам
Туған жерім, сүйем сені
Менің алғашқы астанам
Сыр елі - жыр елі деп таниды сені
Киелі Қызылордам, сағындым сені
Мыңдаған дарындылар шықты сеннен
Туған жерім киелі, жүз шайырдың мекені

Қайырмасы:

Қызылордам - туған жерім
Мәңгі мақтанышым менің
Сені сағынам, әрдайым
Сүйем сені

Қызылорда, туған жерім топырағың киелі
Көп ұлыңның бірімін, жазған саған өлеңін
Шарласам да әлемді, көрсем де талай елді
Мен үшін орны бөлек, ұлағатты Сыр елі
Ұлылардың мекені, қазақтың мақтанышы
Сен үшін күресемін, өлемін отан үшін
Киелі қобыз үні рух береді жүрекке
Байқоңырдан ұшады, зымырандарымыз көкке

Қайырмасы:

Қызылордам - туған жерім
Мәңгі мақтанышым менің
Сені сағынам, әрдайым
Сүйем сені

Арал теңізі тартылса да, елдің құты кетпеді
Мендей ұлың өте көп, жарқын етер ертеңді
Арулары әдемі, жігіттері сымбатты
Сүйікті Қызылордам, бүкіл әлемге атақты
Шиелі, Қазалы, Арал және де Жаңақорған
Қармақшы мен Жалағаш және де Қызылордам
Сыр елі бұл - жыр елі, сондықтан шабыттанам
Отан үшін отқа түсіп, мәңгі жалындап, жанам

Қайырмасы:

Қызылордам - туған жерім
Мәңгі мақтанышым менің
Сені сағынам, әрдайым
Сүйем сені

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-