1 куплет: 24 жыл құтылғалы орыстардың құлдығынан Солардың кесірі 86 болды тұман Сол кездің суық ызғары тең келмейд(і) еш нарсеге Қазақ қызын көрген Қайрат болды қандай әсерде?! Шыдамады ешкім сүйретілген қазақ қызын көргенде Ата анасы перзенттерін өз қолдарымен көмгенде Колбиннің сайқал саясаты құртты қазақ атын Колбин жала жапқан Қайрат Рысқұлбеков батыр Әр қазақтың кеудесінде жара жатыр, сол кезгі Жазықсыз жала жауып адам аямайтын езгі Брежнев алаңы толды әдәлдәк әздегендерге Солдаттар тұр, жастарды құлату көздегендері 1986 17-інші Желтоқсан Жаңару, жаңғыру тәуелсіздікке жол ашқан 21де кетті қыршын Қайрат Рысқұлбеков ағам 21 күн камакта отырды жаламен жалған 21-інші басшысы қазақты қорлап қинады 21-інші мамыр күні қазақ Қайратты қимады 21-інші камера Семей түрмесінің Қайрат Рысқұлбеков қазақ жүрегінде мәңгі есімің
Припев: Кетті қаншамасы, кетті қаншама сыр Тек есте сақта ардайым құрмет қыл 86-ның ызғары, аунаған қазақ қыздары, Осығой ең басты Қайрат жүрегінің сыздауы
2 куплет: Мұздай сумен жуған қанын өтті суық жылдар Сол жылы, сол күні қорланды талай ұл-қыздар Түсіме кейде кіреді намысты, жаралы жігіт Ботадай бұлқынған намыс Тәуелсіздік үшін тұрып Не бәрі 17 минут Қонаевты ысырып тастад(ы) Колбин қалай сайланды солай көтеріліс басталд(ы) Өшпестей жара қалдырды бейне теңіз сел соққан Ұмытпайды халқымда, Алматы. Аяз. Желтоқсан Елі үшін құрбан болған жастарды ақтап алмады Тәуелсіздік үшін деді, рахметіма сондағы?! Солардың арқасы қазір бейбіт тәуелсіз елдеміз 91-де алдық Тәуелсіздік, 50 елмен теңбіз 1986 - Тәуелсіздік толғауы 1986 - Колбиннің таққа орнауы 1986 - орыстар қазақтың жауы 1986 - ызғарлы күндер ауыр Тәуелсіздікті ұмытып, күтіп отсың жаңа жылды Ойламайсың ағаларды құрбан болған талай сында Тыңда, бұл ызғарлы жыл толы мұңға Ойыңда жаңа жыл айтшы осы рахметіңба сонда?!
Припев: Кетті қаншамасы, кетті қаншама сыр Тек есте сақта ардайым құрмет қыл 86-ның ызғары, аунаған қазақ қыздары, Осығой ең басты Қайрат жүрегінің сыздауы