1 жол. Жазылған әрбір шумағым есінде жоқ тыңдарманның Білемін төмен бағасы шығып жатқан шығармамның, Күздің соққан ызғары тұла бойды қалтыратты Биыл тағы бір жас балалық шақты ажыратты, Өкпелімін өткенге өткенім қайтып келеме Қырсығып жауап бермейм, өткеннен сұрақ келгенде Тамшырады тоқтамай жаңбыр емес көздің жасы Имансыз адам хиджап кисе мақтайсың қай қарындасты? Әзілдің астында жатқан шындық бетке айтылмайды Халық мұңын зарласамда бұдан нәтиже шықпайды, Шықпайды төсектес адамнан дені сау бала, Көктем, барғым келеді сол жылдарға Ояншы қазақ ұйқыда жата бергенше, Мен әлі ораламын, жарайды кездескенше Көре алмай бауырын біреу жүр ойлап қастандық Мұңды өлең шаршаттыма жарайды оны тастадық!
Қайырма: Тоқташы уақыт, есейтіп барасың ерте, Қалай күлемін уайым келіп жүрегімнен тепсе, Күтемін бақытты үйдің төрінде жатып алып Ұйқыға кетемін ол кезде жатады таңда атып.
2 жол. Өмірдің ләззатын төсектен таппайсың Жіберме мүмкіндікті уақытты қайтып алалмайсың, Өзгерген адам, өзгерген санасы, Аузы қисық болсада сөйлейді байдың баласы Қазақ елін қоныстаған өзге ұлттың адамдары, Бізді жатқызба досым қатарына ақындардың... Не болмақ күн ертеңгі Өзіңді қинағанша, өткенді ұмыт енді... Бетперде күледі ішкі айқай жылап тұрсада, Жазылмай қалды әндер, шабыт келіп тұрсада... Бұл деген ақыр заман Жетімді бай менсінбейді әр кім өз қамын ойлаған, Шенеуліктер өлмейді өліп жатса қара халық, Теңіз басында күтсеңде, келмейді алтында балық Жамандықты ойласаң, басыңа бақ қонбайды Менің өлеңімді тек жалғыз қалған адам тыңдайды!