ALBAN Махаббатым кетті түзу жолды жұлып Жүректе сақталмады саған сенген құлып Көз жасым ағарып, көңілімде босап Айдын артқа емес ол тек алға басады Басқа қыздар көрсем жасаймын бұрылыс Сенің бейнеңе жетпейді еш құбылыс Сенің мөлдір көзің артық емес ғарыштан Сен қасымда болсаң мен қатты рахаттанамын Көз алдымнан менің сұлу жүзің кетпейді Сөздерім өтпейді жүрегім кет дейді Сүйіктім басқа қыздар өзіне жетпейді Қайта атылған оқ артқа қарай келмейді *** Kuka Қалдым жалғыз өзім сүйіктім жалғыз сырап Сен кеттің басқамен мені ұмытып алыссырап Аспанда мұңайып жаңбыр жауды себелеп Кім мені жұбатады айтшы маған кім керек Есіңдеме жаным қол ұстасып бірге жүрген Бахытты күндер бірге жүріп бірге күлген Айталмадым саған сол бір сөзді Жүректе қалып қойған сүйіктім суйем деген Сүйіктім босат мені сен мені ұмытсаңда Сүйіктім босат мені жүректі суытсаңда Сүйіктім босат мені мен сендік болмасам да Суретіме қарап қой сүйіктім анда-санда *** Baha Ойлана отырып келдім бір шешімдерге іздеген бахытың менде емес өзгеде менің жолым бөлек сенікі басқамен қолымыздан келмеді қарауға кешіріммен енді арамыз алыс саған қарап тұрсамда сен мені сүесің басқамен жақын болсаңда мүмкін керісінше дұрыс емес айтқаным үлкен қате екен саған қайта қайтқаным жүрегім көрмейді сені тұрсаңда алдымда сен мені сүйдіңбе әлде жай алдадың ба? алматы үлкен қала мүмкін біз кездеспейміз қайта бірге болып қайтадан жүздеспейміз ортақ шешім бізге жай ғана таныспыз қоштасайық жаным сенің көз жасыңсыз мен сені жіберемін сенде мені босат артық сөз керек емес болды жаным тоқтат *** Сүйіктім босат мені сен мені ұмытсаңда Сүйіктім босат мені жүректі суытсаңда Сүйіктім босат мені мен сендік болмасам да Суретіме қарап қой сүйіктім анда-санда