Жанымыз ән салатын,
Шаттандырған әр сағатым,
Қуанышпен қарсы алатын,
Көз жетпес биіктерге,
Төтелей жол салатын.
Жүрегіміз тасқындаумен,
Екпінін бастырмаумен,
Табысатын дос-сырлармен,
Жұлдыздай жарқылдайтын,
Бұл біздің жастық дәурен.
Жайнаған жұлдыздары бар арайлы түнде,
Жанымыз гүлдеп, жастық күндер.
Жастық шақ - айнымас адал сезім,
Жастық шақ - болаттай берік төзім,
Жастық шақ - арманға толы сәттер,
Жастық шақ - қайталанбайтын кезің.
Бақ құсы қонып тұрған,
Күндіз-түні жорық құрған,
Қызықтарға толып тұрған,
Ең алғаш махаббатпен,
Талайды жолықтырған.
Ертеңге сенімді еткен,
Бақытыңа қолың жеткен,
Шын қуантып, көңілді еткен,
Бұл кезді бағалайық,
Жастық шақ - өмір көктем!
Жайнаған жұлдыздары бар арайлы түнде,
Жанымыз гүлдеп, жастық күндер.
Жастық шақ - айнымас адал сезім,
Жастық шақ - болаттай берік төзім,
Жастық шақ - арманға толы сәттер,
Жастық шақ - қайталанбайтын кезің. X2
KzStyle еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1