Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

LeeBruno x QARAKESEK - Арылтшы қайғыдан |2015| #4 | Текст песни

Сол күні әлі кетпес естен, сол күн әлі мазалайды,
Өзімді жек көремін, өзімді жазалаймын.
Қазбалайды сан сұрақ жаудыртып сұрақты,
Неге сені жылаттым, сезім болмады тұрақты.
Кетпеді сенің атың таңба болып жүрегімнен,
Қателігім арға тиіп, маза бермеді жүрегіме.
Жүремін деп енді арқалап бұл күнәні ойламадым,
Кешір, жан, тыя алмадым, мен сені пайдаланып.
Өмірімде қайталанып сыбағасын берді маған,
Қайта сүйгім келеді егер мені кешіре алсаң.
Сөз салам тосын жылы, мәңгі бірге болайық,
Өткен күнді өшіріп қылайықшы бірге ғайып.
Жеткізе алмай сөзім тайып, алдыңда ұялармын,
Рас айтам, сен менің жүрегіме ұяладың.
Ұмыта алмадым өзіңді, қанша оған тырыссам да,
Сенен артық жан болмады мына жұмбақ ғаламда.

Қ-сы:
Бұрын сені күткенмін құлап талып,
Оңашада жүргенмін жылап-талып.
Енді не деп қызғанасың, түсінбеймін,
Кеткенімде өзіңнен жырақтанып?
Болмай кетіп едім,
Қашан менің бағыма жетіп едің?
Енді сені сүймеймін, кешір мені.

Бәрін білем, х*ле, көзіңді көргесін,
Сөздеріңді естігесін, нені жасырып бүгесің, а?
Неңе жетісіп күлесің, сірә, басың жетіспейді,
Маған да, саған да бәрібір, кім өкініп бармақ тістейді.
Мына мен баяғы қума, не деген ой, не деген бас,
Не деген ақыл сендегі, жаным, басыңа сыймай жатқан тасып.
Ия, мен ақымақпын, сол кейіпте баяғы күй,
П*здец адам секілді болып қалдық п*здец нәрсе түйіп.
Сұрақтарды алға үйем, жауап іздеп қатты миым,
Бара бердім басымды иіп, әр кез құлыптаулы үйім.
Болма шешілмейтін түйін, бірақ шеше алмай әлі жүрмін,
Білмейм не істеп жүргенімді өз-өзіме пісіп-күйіп.
Ұқпадым қай жерің биік, неге мен өзімді төмен көрем,
Кетші байға тиіп, бос болса басың, нәпсіге көн.
Сезім көктем мезгілімен еріп жазда құлпырды,
Күз келіп күрт өзгерді, қыс та келді құрдымды.

Қ-сы:
Бұрын сені күткенмін құлап талып,
Оңашада жүргенмін жылап-талып.
Енді не деп қызғанасың, түсінбеймін,
Кеткенімде өзіңнен жырақтанып?
Болмай кетіп едім,
Қашан менің бағыма жетіп едің?
Енді сені сүймеймін, кешір мені.

Алма кезек дүние, көрмеймісің,
Ал енді өзіңе қайтарып жатыр бәрін.

LeeBruno x QARAKESEK еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1