Кетем ертең оқу үшін, жаным, басқа қалаға, Келем сосын демалыста бір жыл салып араға, – деп сұлу қыз жігітіне баяндады хабарын, – Басқа жақта білім қуып, ілім жолын табамын, Болашаққа қол ұстасып тек өзіңмен барамын, Ең алдымен бітіп алсын қаладағы сабағым. – Бірақ, гүлім, сенсіз қалай бір жыл бойы күн кешем, Қалай түнде көз ілемін жағдайыңды білмесем. Сені бір сәт көрмесем мен, тамағымнан ас өтпей, Уға толы тұрғандай ғой ішетін шәй, бір кесем. Бар мақсатың білімпаз боп, содан өрнек тоқу ма?! Болар еді түссең осы қалаға да оқуға. – Жо-жоқ, жаным, көңіліңді жауламасын қайғы мұң, Ермек қыла жүре тұршы сағыныштың айдынын. Ал сен мені қазынамнан айырғалы отырсың, Қазынам не? Ол – білім ғой, білім менің байлығым. Көңілдері пәк жарасып, ұштасатын теңізбен, Жүрегіне махаббаттың тәтті балын жегізген, Жан едік қой сезім толы әр жемісті тең үзген. Сондықтан да ертең кешке вокзалға кел, өтінем, Мені ұзақ көре алмассың сәл кешіксең сегізден. *** Орын алған қаладағы тыныштықты құртты да, Әре сәре болып жатыр қуанышты жұрт мына. Қимастық от сезімі бар қыздың барлық ісінде, Келіпті жұрт шығарып сап, ақ жол тілеу үшін де. Бірақ қыздың болмаған соң топ ішінде күткені, Әдеттегі қуаныш жоқ, көңілі оның күпті еді. Сүйгені жоқ. Келмеді әлі. Бұл сезімнің біткені. Ал жігіттің бастығы да адам екен тірі сұм, Уақытында жібермеді «бітпеді, - деп, - жұмысың». «Бүйтіп жанды жалықтырар жұмысыңыз құрысын», – деп барлығын тастады да жігіт қызға асықты, Зулап кетті көлігімен жақын қылар қашықты. Туыстары сұлу қызды жатса-дағы құшаққа ап, Өз сезімін жерлеуі де, Сүйгенінің келмеуі де Бара жатыр қыз жүрегін айықпастай пышақтап. Жігіт жолда келе жатыр алға қарай бағы айдап, Үлгермесе, қалып қояр көңілінде талай дақ. Сәл кешіксе солғалы тұр өмірінде арай бақ. Алыс-алыс жолдық маңға Келе жатыр сондықтан да Қолындағы сағатына жиі-жиі қарайлап. Пойыз қазір қозғалады, жақындады уақыты, Бірақ қыздың көрінбеді, келмеді әлі бақыты. Жігіт, міне, келіп қалды, қалды соңғы бұрылыс, Зуылдайды көлік деген заманауи құрылыс. Көрісуді жазбапты Алла, бұл – фәнилік құбылыс: Соқты біреу бүйірінен көлігіне жігіттің, Көлік сынды. Осы болды бөлінгені үміттің. Тосқал болып жігітке тән орындалмас арманға, Жол апаты орын алды вокзалға сәл қалғанда. Осы жерде бәрі бітті, тек сезімі сақталды, «Кеш мені» деп жігіт жылап, о дүниеге аттанды. Күтіп-күтіп келмеген соң, вогонына қыз мінді, Жанарына жас үйілді, мұңға беріп тізгінді. Әлі өшпеген сезімі оның қасіретке батқандай, Аu