Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MaDi - Жетім бала [QaRAPayim otbasy] | Текст песни

1.Аспанда жауын-шашын қоңыр күздің даласы,
Сол күзбенен мұңайып тұр қазақтың баласы,
Жас бала мен шешесінің ажыраған арасы,
Себебі сәби кезден тастап кеткен анасы

Араласты көз жасы, қосылып жаңбырменен.
"Оралмайсыз неге мүмкін кінәнің бәрі менен,
Егер кінә болса менен кешіріңіз өтінем,
Теқ қана тезірек келіп сүйіңізші бетімнен.

Сіз келесіз бәрібір, анашым мен білемін,
Сол үшінде көз жұмбастан сізді күтіп жүремін,
Мен шығарған өлеңдерді сізге арнап жүремін
Келіңізші тезірек сағынады жүрегім.

Келсе екен анашым жарық жүзбен күлімдеп,
Еркелетсе екен-ау ботам,айым,күнім деп,
Келіңізші тезірек мен сізді кешіремін,
Қисық жаман жерлерді өмірден өшіремін"

Деп бала күндіз түні, армандайды анасын,
Қандай ана екен ол сағынбайтын баласын,
Анасын ойлағанда, тый алмайды көз жасын
Ал анасы білмеді де ұлын онда қалдырсын.
Қайырмасы
Жүрегі ұмытсада, неге сезбейді екен,
Баласы жан анасын, күтіп жүр сағынумен.
Неліктен өмір оған, қатал сынақ берді екен,
Жас баланың өмірі өтеді жылауменен!

2 Үмітіне алданып ол анасын күтуде,
Өмірге деген сенім жаймен-жаймен бітуде,
Өмір деген ол үшін жай ғана жаман кағаз,
Сол сияқты анасынан махаббаты кетуде.

Уақыттар өтседе анасы оған келмейді,
Келмеседе шешесіне ол бала бақыт тілейді,
Анаға бақыт тілесе жүрегі бір гүлдейді,
Бірақ анасы мүлдем келмейтінін білмеді.

Түн ортасы шамасы, кап-қара жетимхана,
Бөлменің бұрышында отыр ғой жетім бала,
Түн ұйқысын бұзады тастап кеткен жас ана,
Сол ана, жайлы түс көріп ояныпты ол жаңа

Түсінде әкесімен, анасымен сол бала,
Қуанышпен бәрі бірге бастапты өмір жаңа,
Сенейін десе жүрекпен өң емес бұл түс ғана,
Оның ойынша бәріне кінәлі тек сол ана.
Қайырмасы
Жүрегі ұмытсада, неге сезбейді екен,
Баласы жан анасын, күтіп жүр сағынумен.
Неліктен өмір оған, қатал сынақ берді екен,
Жас баланың өмірі өтеді жылауменен!

3.Ұйықтай алмай түнімен сол бұрышта отырады,
Анасын ойлап-ойлап көзге жасты толтырады,
Сәл уақыт өткеннен соң өзін-өзі ұстап тұрып,
Біраз жүргеннен кейін қайтадан жылап құлады.

"Неге!? неге?! анашым неге мені тастадың
Мүмкін менсіз басқа жерде жаңа өмір бастадың,
Мүмкін мені алсаңыз көп шығар қастарыңыз
Ондай болса менсіз атсын арайлы бақтарыныз"

Терезенің сыртынан күздің желі еседі,
Ар жағында терезенің отыр бала кешегі,
Анасының қылығы байғұс жүректі теседі,
Шыдай алмай ол оған, өз тамырын кеседі

Алыстағы анасы бір нәрсені сезеді,
Біраз ойланып жүріп барамын деп шешеді,
Бірақ ол үшін енді мұның бәрі кеш еді,
Өйткені баланың қазір соңғы демі өшеді.

Ақ халатты дәрігер оны алып, барады,
Алып келіп қолына, тамырына қарады,
Шыдамады бұл бала қаны көп кетіп қалған,
Бар уакыты бітті, міне, кетті өмірден жалған.

Міне кетті жас бала сезбей ана махаббатын,
Өкінішті білмеген мейірімділік шапағатын,
Өмірде қиындық көп бәріне төзу керек,
Баласының махаббатын әр ана сезу керек!!!!


MaDi еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -