Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MaDi - Ойланарсың [QaRAPayim otb.] | Текст песни

Кейде бір ой келеді, ашуға бой береді.
Ал оған кінәлі біз, ол қашан өзгереді.
Ол қашан түзеледі, қашанғы күлкі боламыз.
Күтіп тұр алда барзақ, және қараңғы моламыз.

Біз қашан оңаламыз, қашанғы тоналамыз.
Қызымыз жұрдай ардан, сенбесең барып сұраңыз.
Еріміз жүр ерігіп, қысқа етектің соңында.
Атасы ішіп өлгендей, арақ темекі қолында.

Қартымыз жүр қалшылдап, жас қыздың айтып өсегін.
Кәлимасы жоқ аузында, біреудің жатқан төсегін.
Біреудің мінген есегін, көршінің жеген кесегін.
Тышып сигенді аңдып, санайды елдің есебін.

Айып жоқ жастарға тағар, көргенін істейді олар.
Бес жеті бармақты шөпке, үлкені кішісі құмар.
Түбінде түсінетін болар, денсаулығы сыр бергесін.
Кеш болат ол кезде бірақ, мүмкіндік жоқ емделетін.

Қайырмасы:

Жоқшылықпен жұрдай болып, біртіндеп құрып барамыз.
Болсын деп тілеппе еді, осыны ата-бабамыз.
Рухани тәрбиеден, құр қалған пенде санамыз.
Бесіктен бермегесін, біз жоқты қайдан аламыз.

Қоғамның түрі мынау, еліңді қытай қаптаған.
Көзі сықи жауыздар жүр, ҚАЗАҚ намысын таптаған.
Билік болса сол баяғы, жалған айтып көпіретін.
Су ішкен құдығына, өзі келіп түкіретін.

Дінімнің түрі мынау, ағымдардан көрінеді.
Неге ИСЛАМ діні, тармақтарға болінеді.
Неге балақ түргендерге, аларған көзбен қараймыз.
Намазхан ұл қыздарды, неге адасқан санаймыз.

Ала ауыздық туындайды, саяси діни бағытта.
Сыртқы күштердің әсері, ойыңды жина дамытта.
Басыңды қатырма, түсініксіз іші қараңғы.
Ойласаң қаната берер, кеудеңе біткен жараңды.

Тойынған тойып секірсе, дауа жоқ тоңғанға сірә.
Мақтанып айтатын , модаға айналды күнә.
Сідіктей сап-сары сыра, шипалы суға айналды.
Бүгінгі ұрпақтары, ҚАЗАҚтың қанын лайлады.


MaDi еще тексты


Другие названия этого текста
  • MaDi - Ойланарсың [QaRAPayim otb.] (0)
  • кашан ойланамыз - Ойланарсың [QaRAPayim otb.] (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1